«Ең үздік аула сыпырушы – 2016» байқауы жарияланады

«Ең үздік аула сыпырушы – 2016» байқауы жарияланады
Фото: massaget.kz

2016 жылы 1 мамырда «Эфес Қазақстан» ШС» АҚ демеушілігімен «Нағыз алматыша» Қоғамдық қоры жыл сайын өткізілетін «Ең үздік аула сыпырушы» дәстүрлі байқауын бастады. Аулаларды таза ұстап, дуалдар мен жол жиектерін сырлауды, гүлзарлар мен көк шалғынды тегістеуді міндет етіп алған жандарға арналған бұл байқау осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, байқау арқасында мегаполис тұрғындары күнде қаланы тазалықта ұстап жүрген адамдардың есімдерімен танысып, аула сыпырушыларға олардың ауыр жұмысы үшін алғыс білдіруге мүмкіндік алып отыр.

Ауқымды жобаның бірінші кезеңі 1 мамырда басталып, 1 маусымға дейін созылады. Өтінімде үміткер туралы ақпаратты және оған бекітілген аумақты көрсету қажет. 15 маусымнан бастап 15 тамызға дейін созылатын екінші кезеңде дауыс беру өтеді. Байқаудың осы кезеңінде әрбір алматылық ең үздік аула сыпырушы деген мәртебеге лайық адамға дауысын бере алады.

Биыл «Ең үздік аула сыпырушы» байқауының жүлде қоры 650 000 теңгені құрайды:  бірінші орынға - 200 000 теңге, екінші орынға - 150 000 теңге беріледі. Үшінші орынға берілетін 100 000 теңгеге тең сыйлықты үш қатысушы ала алады. Сонымен қатар, әрбір ауданның аула сыпырушыларына мадақтау сыйлықтары мен дипломдар табысталмақ.

Шыңғыс Қаскеев, «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры:

- Биыл «Эфес Қазақстан» компаниясы «Нағыз алматыша» қорының бағдарламасына төртінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отыр. Жоба Қазақстанның ең ірі мегаполисіндегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан біз компаниямыздың корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілігі аясында жобаны қолдап отырмыз. Ал алматылықтар оған бұрынғысынша белсенді атсалысады деп үміттенеміз!

Байқауға қатысу туралы өтінімді www.chistopoalmatynsky.kz сайтындағы «Пайдалы ақпарат» тарауынан жүктеп алуға болады.

«Нағыз алматыша» қоғамдық қоры Алматы қаласының мәдениетін дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету және оларды жүзеге асыру мақсатында құрылды. Қор экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың мәдениетін көтеруге арналған әлеуметтік жобаларды ұсынады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Тел: 8 (727)344 99 72 Кирясова Анастасия

Email: kiryasova.a@adcagency.kz

Г. Берік