«Taiburyl» шәкіртақысынан кенде қалмаңыз

«Taiburyl» шәкіртақысынан кенде қалмаңыз

Тәуелсіз елде білім алып жатқан бізден бақытты ұрпақ жоқ шығар. Білімгерлерге барынша жағдай жасауға үкімет те, еліміздің  арқа  сүйер азаматтары да жан жақты қолдау көрсетуде. Соның нақты бір дәлелі «Taiburyl» шәкіртақысы. Өткен жылғы мәліметтерге көз жүгіртер болсақ, шәкіртақыға үміткер ретінде  Республика бойынша небәрі 968 өтініш түскен.  Неге енді берілген мүмкіндікті пайдаланбасқа? Сондықтан барлық білімгерлердің құлақтарына «алтын сырға»!!!

«Taiburyl»  ай сайынғы шәкіртақы бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау ашық деп жарияланды.

Бағдарламаға бакалавриат деңгейінде оқитын білімгерлер қатыса алады. Жалпы бөлінген шәкіртақы саны - 250, оның 100 шәкіртақысын АО «Kaspi Bank» ұсынса, 120-сын АО «VISOR Holding» директорлер кеңесінің төрағасы Айдан Карибжанов жолдаған.

Байқауда шәкіртақыны жеңіп алған білімгерлер бес ай бойы 30000 теңге көлемінде шәкіртақыға ие болады (2015 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін). Байқауға қатысу үшін білімгерге мынадай талаптар қойылады:

-ҚР азаматы болу;

-сотталмаған болуы;

-ҚР -ның ЖОО-да оқу;

-өткен семестр транскриптінің болуы;

-білімгер мемлекеттік шәкіртақыдан басқа қаржы қолдау алмауы тиіс (президенттік шәкіртақы);

-еңбек шарты бойынша жұмыс жасамауы қажет;

-білім деңгейі талапқа сай болуы шарт;

-әлеуметтік жағдайы  туралы анықтама болуы тиіс

Өтініштерді қабылдау 19 қаңтар сағат 9.00-ден 31 қаңтар сағат 18.00-ге дейін жүреді. Үміткерлер өз құжаттарын онлайн жүйесінде жіберулеріне де болады. Өтінішті жібергеннен соң, ОО «Taiburyl» қызметкерлері 24 сағат ішінде қарап, белгіленген талаптарға сай келсеңіз, сізге орындауға қажетті нұсқаулықты хат арқылы жібереді. Сәттілік!!!

Жолдаған: Еңлік Беріш

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Ж. Өрісбай