Алматыда Atameken Startup бизнес-жобалар байқауы өтеді

Алматыда Atameken Startup бизнес-жобалар байқауы өтеді

Тамыздың 1-і мен 3-і аралығында Алматыда Atameken Startup бизнес-жобалар байқауы өтеді деп хабарлайды massaget.kz. Қазақстан өңіріндегі бастаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен өткізілетін байқау осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр.

Atameken startup дегеніміз не?

Ең алдымен, бұл жұмыс демалысы. Осы аралықта бастаушы кәсіпкерге өз стартап-жобасын көрсетіп қалуға мүмкіндік туады. Жұма күні кешкісін қатысушылар бір ғана бизнес-идеямен келіп, күн батқанша өз жобасына сол жердегі адамдардың ішінен команда құруы тиіс. Демалыс күндері тұжырымдама әзірлеп, бизнес-пландар құрылады. Жобалар бизнес пен технология саласындағы сарапшылардан тұратын менторлардың қатысуымен crush-тесттерден өтеді. Жұмыстың мақсаты – минимальды тіршілікке епті өнім жасау (MVP).

Шектеулі уақыт форматы, жобадағы қатаң тайминг қатысушы командалар үшін жемісті болмақ. Жобаны ұсыну үшін 1 минут қана беріледі, ал ақтық презентацияға – кейбіріне ғана 5 минуттан көп уақыт бөлінеді. Бірінші және соңғы презентация арасындағы уақытта әр команда мен әр қатысушының потенциалы мен оның ұсынған өнімінің пайдалылығы қарастырылатын болады.

Жобалардың тақырыбына шектеу жоқ, ал әділқазылардың шешімімен үздік деп танылған командаларға 600 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс етіледі. Шараға қатысу үшін www.atamekenstartup.kz сайтына тіркелу арқылы өтініш жіберуге болады.

Жоба кімдерді күтеді?

Жоба өз идеяларын іске асырғысы келетін және сол салада сапалы, тиімді жұмыс істеуге әзір бастауыш кәсіпкерлерді күтеді. Ұйымдастырушылар идеяңыз жоқ болса да шараға қатысуға шақырады. Шарада әр қатысушы өзіне ұнаған жобаның командасына қатысуға мүмкіндігі бар немесе уикендте арманындағы команданы құруына да болады.

Естеріңізге сала кетейік, АтамекенStartup - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жастар кәсіпкерлігін насихаттау мен дамыту мақсатында құрылған жобасы. Ол жүзеге асқан жобаларды қолдау мен жас кәсіпкерлерге мүмкіндік беру шараларын ұйымдастыруға бағытталған. «Атамекен Стартап» қоғамдық қоры 2012 мен 2013 жыл аралығында 5000-ға жуық адам қатысқан 20 шара өткізген. 2014 жылғы бірінші бизнес-жобалар байқауы Талдықорғанда өтті.

Қатысамын деушілер 1-3 тамызда Алматы қаласы, Абай көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан Фан Клуб КИМЭП ғимаратына келуіне болады. 

Сурет: m.pavon.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina