Білімге құштарлық деген осы болар...

Білімге құштарлық деген осы болар...

Бұл балаларды құлағынан сүйреп мектепке алып барудың еш қажеті жоқ. Олар ешбір сабақты қалт жібермейді. Олар үй тапсырмасына салғырт қарап, бір-бірінен көшірмейді. Олардың білім нәрімен сусындағылары келеді. Және олар сол ниеттерінің жетегіне ілесіп, күн сайын таңертең Үндістан астанасы Делидегі көпірдің астына жиналады.

Мұнда Раджеш Кумар Шарма өз еркімен шалғай аймақтарда тұратын балалар үшін тегін мектеп ашқан. Өйткені, білімге шын ынталы оқушылардың ата-аналары ақшалары жоқ болғандықтан оларды толыққанды мектепке бере алмай отыр.

Сондықтан, Раджеш Кумар Шарма ұстаздың мектебі - әзірге білім алып, сауаттанудың жалғыз жолы болып тұр. Оқушылар көпір астындағы мектептің кедейліктен құтқарып, армандарының орындалуына жол ашатындығына шын сенеді.

Досының бастамасына Лакшми Чандра есімді азамат қолдау білдіріп, кедей отбасынан шыққан 30 балаға сабақ беруде.


"Мектепте" екі тақта мен екі орындықтан басқа ештеңе жоқ. Парта да, мектеп ғимараты да! Шалғай жерлерден жиналған оқушылар төселген алашалардың үстіне отырып оқуды, жазуды, есептеуді үйреніп жүр. Раджеш Кумар Шарманың айтуынша, балалар үш жылдан бері тегін біліп алып жатыр екен. Олардың ынталары мен қабілеттері өте жоғары көрінеді.

Үндістан жеріндегі мына қарадомалақ балалардың әрекеті - күн сайын сабақтан қашып кетуге әдеттенген, компьютермен, интерактивті тақталармен, жаңа үлгідегі парталармен жабдықталған тегін мектептерде білім алудан бас тартып, еркелікке бой алдырып жүрген миллиондаған оқушыларға үлгі бола алады деген үміттеміз.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева