Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Куәгер көзімен / Тірі болсаң, бұл бәйтеректі іздеп табарсың!

Тірі болсаң, бұл бәйтеректі іздеп табарсың!

Тірі болсаң, бұл бәйтеректі іздеп табарсың!

Соғысты тақырып еткен бұл деректі әңгіме сізді бей-жай қалдырмайды. Оқыңыз, адам баласының тасада өткен "татымсыз" тағдыры жайлы пікір айтыңыз. 

Родик жаза лагеріне апарылудың алдында Ұлыбритания әскери бөлімінде көлік тасымал әскері болатын-ды. Нацистердің бұл арадағы тасымал әскері тапшы болғандықтан, оны жүк машинасын айдап, әр күні аштан өлгендер мен атылған Ұлыбритания соғыс тұтқындарының мүрдесін тасуға орналастырды.

Шынына келгенде соғыс тұтқындарының арасында көлік тасымал әскерлері аз емес еді. Әйтсе де, ешкім нацистер үшін жанын жалдағысы келмеген-ді. Тек Родик қана бұл қызметке ынталы кірісті. Оның үстіне басқа тұтқындардың басына әңгір таяқ ойнатып, бидайдай қуырып, ит жеген терізей қып сабайтын. Онымен қоймай, өлгендер ғана емес, тіпті әл үстінде жатқан тұтқындарды да машинасына басып алып кететіні тұтқындардың қанын тасытатын. Олар оны «отан сатқыны», «қарғылы төбет» деп боқтайтын. Соғыс тұтқындары оған өлердей өштескенімен, керісінше нацистер оған сенім арта түсті. Алғашында, ол машина айдап сыртқа шыққанда әскерлер аңдып, бір елі артынан қалмайтын. Ал кейін келе ол өзі жалғыз кете беретін болды. Тұтқындардың оған кектенгені соншалық, бірнеше рет сабап, өлтіріп тастай жаздады. Тіпті бір жолы ол өлімші боп таяқ жеп, бір қолынан мәңгілікке айрылды. Машина жүргізуге де шарасыз қалғандықтан, нацистер оны ілікке алғысыз қып тастады. Ал тұтқындар шерінен шыға кектерін алды. Ол көп ұзамай азапты күйде бұл пәниге қош айтты.

Жақында, Ұлыбританияның бір гәзетінде «мен өлердей кектенген адам, менің құтқарушым екен» деген мақала басылды. Мақалада: «Жаза лагерінде болған кезімде Родик есімді нацистердің сойылын соққан сатқын болды. Қайсыбір күні әл үстінде жатқанымда ол саптастарыма сес көрсетіп, мені өлік тиеген машинаға басқызып алып, апарып көміп тастамақ болды. Әйтсе де, ол жол ортаға келгенде, кірпігім ғана қимылдап жатқан мені үлкен бір түп бәйтеректің түбіне түсіріп, қасыма бірнеше тілім нан мен бір бөтелке су құйып, «Тірі қалсаң, осы бәйтеректі іздеп табарсың» деді де жолына түсті...», - деп жазылған.

Бұл әңгіме газетке басылған соң, редакция бір ай ішінде 12 сақа жауынгердің телефонын қабылдады. Олардың барлығы сол жаза лагерінде болғанын, барлығын да Родик есімді «Сатқынның» бір түп алып бәйтеректің түбіне тастап кеткендігін, барлығына «Су ішерің болып, тірі қалсаң осы бәйтеректі іздеп табарсың» деп тапсырғанын айтады. Сұңғыла редактор осы бір түп бәйтеректің түбінде қалай да бір сырдың бар екенін сезеді. Дереу 13 сақа жауынгерді ұйымдастырып, әлгі бір түп бәйтеректі іздеп табады. Бір қарт жауынгер бәйтеректі құшақтап, көзіне жас алып тұрған сәтінде ағаш қуысынан әлде қашан ескірген бір кішкене темір сандықша тауып алады. Темір сандықтан бір естелік дәптері мен көптеген суреттер шығады. Дәптерде: «Бүгін мен тағы бір жауынгер серігімді құтқарып шықтым. Тәңірім-ау,  тірі қалса екен. Бұл он сегізіншісі. Бүгін 20 майдандасым құрбан болды. Кеше түнде қанды көйлек киіскен достарым мені тағы да соққыға жықты. Шын сырды айтпауым керек, шыдай түсуім керек! Сонда ғана мен бұдан да көп серіктерімді құтқара аламын...» дәл сол сәтте Родиктің нағыз қаһармандық бейнесі барша әлемге жария болды.

Жаза лагеріндегі ең жексұрын адамның еңіреген ер екенін білген майдандас жауынгерлердің көзінен жас парлады. Родиктің өз тізіміне жүгінгенде 36 соғыс тұтқынын үрейлі жаза лагерінен құтқарып шыққан екен. Ал қазір оның он үші ғана тірі. Естелік дәптер мен жасырын тартқан суреттеріндегі нацистер мүгедек қылған тұтқындар бейнесі соғыс қылмыскерлерінің үстінен шағым айтудың бұлтартпас дәлеліне айналды. Газет біткен қолма-қол Родиктің ізгілігін жарыса жазды. Қаншама адам әлгі бәйтеректің түбіне келіп оған аза білдірді.

Кез келген адам өзгелер назарындағы кіршіксіз ғұмырды аңсайды. Бірақ, жұрт нәлетінің астында да уәдесінен айнымай, өзінің тарихи борышын орындап шықса, оның күллі ғұмыры шұғыла шашады. Бүгін тасада қалған ғұмыр, ертең мәңгілік шүлен сәулеге шомады.

Қытай тіліндегі «Оқырман» журналынан

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: bigpicture.ru

4396 6
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 15 қазан 2012, 16:26
Пікірлер
+0
15 қазан 2012, 17:04

Соғыс туралы киноларды да кітаптарды да бей-жай оқи алмаймын...

+0
20 ақпан 2013, 21:37

сұм соғыс-ай...

+0
20 ақпан 2013, 21:57

"мен сендерге тайпамның қайда тоқтағанын айтам, тұтқиылдан тап беріңдер" деп жауды алдап, керісінше адастырып алып кеткен тарихи батырды еске салды мынау)

+0
13 наурыз 2013, 17:13

Сақ батыры Ширақ туралы ғой айтпағың

+0
21 мамыр 2013, 16:25

Нағыз ерлік деп осыны айт

+0
15 ақпан 2014, 20:41

Кино түсірілсе ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...