Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Үш рет атқанда өлмеген ақын

Үш рет атқанда өлмеген ақын

Тағдырдың түрін қарашы,

Дұшпанның өтті жаласы.

Мендей-ақ тұрар қазақтың,

Болдым-ау деген баласы.

       Пышан ақын

Үш рет атылғанда өлмеген ақын туралы сыр Же­тісу өлкесінде ұрпақтан ұрпаққа таралып, аңыз болып келеді. Шынында да адам бір оқтық қана емес пе? Ал бір емес, үш мәрте кеудесін у қорға­сын тесіп өткенде қара жерде табан тіреп тұрып алған жанда қандай құдірет бар? “Тіпті сол мүмкін бе?” – деген сұраққа куә­лер: “Шырылдаған шындық!” деп жауап беріпті. Иә, адам сенгісіз ақиқаттың да болатыны рас-ау. Дүние толған тылсым күш қой…

Бұл оқиға 1921 жылы Талдықорған аймағында болған. Большевиктер қазақ жерінде Кеңес өкіметін орната бастаған кезең. Ұлтымыздың “байлар табы” және “кедейлер табы” деп жіктеле бастаған шағы… Қызыл комиссарлардың айдарынан жел есіп, қылы­шы­нан қан тамып тұр­ған заманда Шай­қорған деген жерге Талды­қор­ған­ның әрбір ауы­лынан өкілдер жиналып, көгалға алқақотан отыр­ғы­зылады. Мезгіл шілде айы. Ортаға екі адам айдап әке­лінді. Бірі – Қожахмет байдың қол-аяғы бос. Екін­шісі – Жәл­мен­деұлы Пышан ақынның қолы арт­ына байланған.

Атақты бай Қожахмет діндар, момын жан екен. Ел-жұртына ба­ғыш­тап ақтық рет тіл қатыпты: “Уа, халайық, соңғы сапарға аттанып барамын. Пен­де­міз ғой. Біреуге ісім батып, бі­реу­ге тісім батқан шы­ғар. Қиянат-қателіктерім үшін бәріңізден ғафу өті­немін. Қары­зым болса өтейін. Мә, мынаны алып, қажеттеріңе жаратыңдар. Қалғанын молдаға беріп, құран оқытыңдар маған”, – деп бір дорба алтын-күміс теңге лақтырыпты.

Сонда бір кедей дорбаны қағып алып: “Мә, саған дұға”, деп екі саусағының арасынан бас бармағын шығарыпты. Жиналған жұрт “қараниет” деп лағнет айтқан екен әлгіге.

Қожахмет бай бір рет атылғанда қалпақтай ұшып, жан тәсілім етіпті. Ал қолы артына байланған бойы биік, зор денелі Пышан ақын іші оттай жанып тұрса да, осалдық танытпай қасқайып тұрып қарсы алыпты өлімді… Ең таңқаларлығы, бұл да емес. Басқада… Бір рет атылғанда құламапты. Екінші рет атылғанда да құламапты. Үшінші рет атылғанда да жел шайқаған қайықтай теңселіп тұрып алыпты. Тек төртінші, бесінші рет атылғанда ғана кескен теректей құлап түсіпті. Сонда оны ажалға бермей тайталасқан не құдірет? Не жұмбақ? Мұның жауабы әлі күнге шейін табылмай келеді.

Осы өлім жазасы туралы шындықты жеткізген жерлесіміз Қанабек Байсейітов екен. Ол бозбала шағында сол қатаң жазалау процесіне қатысып, бәрін көзімен көріпті. Жазушы Бек Тоғысбаев та, журналист Мұғалімбай Жылқайдаров та Жәлмендеұлы Пышан ақын жайлы естеліктерінде ақиқатты Қанабек Байсейітовтен естігендерін жазады.

Тағы бір түйіні шешілмеген жұмбақ – Пышан ақынның өлтірілгеннен кейін екі сағаттан соң ақталып шыққаны. Шабарманның жоғары жақтың “бостандыққа жіберілсін” деген қаулысын кешіктіріп жеткізгені… Бұл не? Кеңес өкіметінің өзін-өзі ақтап, бар бәлені жергілікті шаш ал десе, бас алатындарға аударғаны ма? Әлде… гәп басқа ішкі есепте ме?

Қалай десеңіз де жұрт қорқыныш арқалап қайтты қанды оқиғадан. Олар жаңа өкіметтің қан уыстап туғанына, ешкімге аяушылық танытпайтын қорқау пиғылына куә болды. Олардың жазығы бай болғаны еді. Пышан болса, әрі ақын, сазгер, саятшы, әрі болыс.

Әкесі Жәлменде би де даңқты адам болған. Болыс ке­зінде Құнанбаймен дәмдес болғаны да тарихтан бел­гі­лі. 1901 жылы бауыры Бименде екеуі Меккеге қажылық сапарға аттанып, сол жолда 55 жасында ауырып қайтыс бо­лады. Жәлменде би Пышанды 18 жасынан билікке бау­лыған. Пышан өз заманында да бірнеше мәрте бо­лыс­тыққа сайланған. Кеңес тұсында да болыс болған. Сон­дықтан оның бағын қызғанушылар да, көре алмаушылар да көп болған десек те оның кінәсі өлімге лайықты емес еді.

Барлық ақындар сияқты Пышан ақын да өз болашағын, өзінің атылатынын да, ажал таянғанын да болжай білген. Дүниеден өтер сағатын да дәл атаған өлеңінде. Өз өмірін өлеңіне өзек еткен.

Жәлменденің баласы Пышан едім,

Заманында мен-дағы кісі-ақ едім.

Абақ, Тарақ бас қосып жиылғанда,

Түйіндерін қиятын пышақ едім.

Бас қосқанда жиылып Абақ, Тарақ,

Не десең де аузыма тұрды қарап.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,

Дауы бітіп алдымнан кетті тарап.

Сұлу құшып шалқыдым, міндім жорға,

Сұңқар, лашын, ақ тұйғын алып қолға.

Алды-артымды қоршалап қырық жігіт,

Құмай тазы салақтап жүрді сонда.

Көрдіңіз бе, өз заманында қандай адам болған ол.

Пышан ақынды өлерінен үш күн бұрын жан жолдасы Жақып екі ұлын кепілдікке беріп, үш күнге сұрап алып, жұбайы Қайшамен, ұл-қызымен жүздестіріп қонақ етеді.

Ағайын-туғандары мен жолдас-жоралары сырт айналғанда Жақып оны арашалап алмақ болып, адвокат жалдап, мал-мүлкін аямай шашады. Сонда ақын досына айтқан екен:

Ақыреттік сен Жақып досым едің,

Ақ ниетпен көңілді қосып едің.

Қалатұғын емеспін мен атылмай,

Ұсталғанда-ақ о баста шошып едім.

Мал-басыңды тіктің де кепілге алдың,

Достығыңа о, Жақып жетіп алдың.

Жора-жолдас, ағайын баршасынан,

Адамдығың о, Жақып өтіп алдың.

Пышан үшін жанын жалдап, жанталасып, балаларын ке­пілдікке қиятын Жақып кім еді? Ұлты татар, есімі Якуп әке-шешесінен жастайынан-ақ айрылған тұлдыр же­­тім. Жәлменде бидің шаруасына 9 жасынан бастап жал­­даныпты. Адалдығымен бидің бейілін алып, төл бала­сы­на айналған. Ақыры би үйінің бар шаруасын өзі атқа­рып, іскерлік танытқан соң аға сұлтан Жәлменде оны өз қолымен үйлендіріп, баласымен төс қағыстырып, ақы­рет­­тік дос жасайды. Кейін оны жаңа кәсіп – саудаға бау­лиды. Сөйтіп Жақып Қапал уезіндегі ең ірі саудагерге айналады.

Жақып досының үйінде Пышан ақын үш күн жа­та­ды. Ең соңғы түні өте қорқынышты түс көріпті. Шошып оян­ған соң көрген түсін жұбайы Қайшаға былай баяндайды:

Басың кетер Қайшажан төсегіңнен,

Бүгін көңілім пәс болды кешегіден.

Шықпайтұғын тереңге түстім Қайша,

Көре алмаған дұшпанның өсегімен.

Көтер Қайша басыңды,

Күннің көзі ашылды

Дариядай көңілім

Су сепкендей басылды…

дегенде, Қайша жылап қоя бермей ме. Сонда Пышан ақын:

Өзіңді-өзің Қайшажан жасытпағын,

Жасып тұрған көңілімді пәс қылмағын.

Қайша саған айтатын бір арманым

Сұңқар орнын қарғаға бастырмағын, – дей келіп:

Ахау, Қайша жайсаңым,

Қайсы бірін айтамын.

Ертең сағат тоғызда,

Дүниеден қайтамын, –

деп сырттан ат дүбірін естиді де, жаналғыштардың келгенін біліп, жұбайымен де, жан досы Жақыппен де қимай қоштасады.

Пышан ақынды түрмеде бірге отырған жігіттер қашуды ұйымдастырып, құтқармақ та болған екен. Марқұм Мұғалімбай Жылқайдаров өз естелігінде Алматы облысы “Прогресс” кеңшарының тұрғыны, ақын Әсімхан Қосбасаровтың естелігін келтіреді. Ол мұны түрмеде Пышанмен бірге отырған Жыланкөз деген жігіттен естіпті.

Пышан түрмеден қашудан үзілді-кесілді бас тартқан көрінеді. Жаман атқа қалғысы келмей, ақталып шықпақ болған шығар. “Алла тағала оны бұйыртпаса, ажал құшармын. Өлімнің ерте, кеші не”, – деп қасарысып отырып алыпты.

Өткен өмірді көңіл таразысына салсаң, 1921 жылғы Шайқорғандағы өлім жазасын жұрттың көзінше жүзеге асыру Қазақстандағы үлкен зобалаңның бастауы сияқ­ты. Сол сәтте оны ешкім білмеді, әрине. Арада біраз жыл өткен соң қазақ байларының мал-мүлкі тәр­кі­ленді. Момын қазақтар жаппай аштыққа ұшырады. Шетелге қоныс аударған байлар аман қалып, елде қалғандарымен “тап жауы” ретінде қиян-кескі күрес жүргі­зілді. Құлақ кесті құлдың тұқымы болу, кедей ұрпағы болу мақтанышқа айналған заман басталды.

Еліміз тәуелсіздік алған соң ұрпақтары мен жерлестері туған жері Байшегірде, Көпбірлік ауылында Жәлменде би мен Пышан ақынға ас беріп, рухына тағзым етті. Жерлесі Көбес Ақылбаев сынды ұлағатты азамат Пышан қаза болған Шайқорғанда ескерт­кіш орнат­ты. Талдықорған педагогикалық универси­теті­нің оқытушысы, өнер зерттеу­шісі, жерлесі Мият Көпелбаев “Баласы Жәлменденің Пышан едім” атты кітап шығарды. Ол ақын жайында көп деректер жинап, өлеңдерін құрастырып, естеліктер жаздырып, ақын бабасы алдындағы перзенттік парызын өтеді десек те бір өкініш өзекті өртейді.

Қазақ өкпеге қиса да азаматтарын өлімге қимаушы еді ғой. Ағайындар арасындағы көре алмаушылықты, бақастықты, күншілдікті большевиктер өз саясаттарына қалай шебер пайдалана білген десеңізші…

Шынында да “халық жауы” деп атылған Пышан ақынды ақ өліммен арулап көме алмай, “арысым” деп ел-жұрты, туған-туысы, бала-шағасы жоқтай да алмаған шығар. Өз ажалынан қаза тапса, сәні мен салтанаты жарасқан күмбез орнатар еді ғой туыстары. Оған байлығы мен дәулеті жетер еді… Енді жер бетінде белгісі де жоқ. Жан тапсырған жері – Шайқорған белгілі. Ал құран оқытып, рухына тағзым етер моласын кейінгі ұрпақтары білмейді… Оның да жөні бар. Ұзақ жылдар бойы Кеңес өкіметі Пышан ақынның атын атауға да тыйым салып келді. Ол ол ма, белгілі жазушы Балғабек Қыдырбекұлы өз естелігінде былай деп жазды: “Пышанның бір әні “Ақ шәйнек, сары самаурын”. Бұл ән ірілі-ұсақты әншілер аузынан естіліп қалып жүретін. Бірақ Кеңес өкіметі кезінде Пышан ақынның атын атауға тыйым салынған. Аты сыбырлап айтылатын. Дүниеде ондай адам болмағандай. Авторы ұмыт қалғандай. “Пышанның әнін айтыңызшы”, – деп өтініш жасағаны үшін Шолақ Қарғалы ауылының азаматы, колхоздың төрағасы Әміре Шырымбаев 1937 жылы атылып кеткен”.

Осындай тым қорқынышты жағдайда кім Пышан ақынға ат шаптырып ас беріп, моласына барып ашықтан-ашық құран оқыта алар еді.

Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан тәуелсіздік алғанда ғана туған жоқ па.

Мен ойлаймын, Пышанның әкесі аға сұлтан Жәлменде би жарықтық иен байлығының баласына бәле болып жабысатынын білмей өтті-ау.

Пышан бабамыз түрмеде жатқанда дос-жарларына, жолдас-жораларына өлеңмен хат жазып, бір молда арқылы жіберіп жатқан ғой. Сүндетбай қажыға жазған бір хатында:

Қажеке шаян боп тұр жиған малым,

Үш жүзге менің атым болған мәлім.

Қақсатты қараңғы үйде талай жанды,

Кім білген құдіреттің не қыларын, – дейді.

Енді “Аққу едім көлдегі” атты әнінің жолдарына зейін қояйықшы:

Ағайын тілектеспін аманыңа,

Мен-дағы дүрілдедім заманымда.

Қаз табан жүйрік едім тас батпаған,

Қадалды темір тікен табаныма.

Абақты аты жаман сарай екен,

Алдында сыпырушы малай екен.

Құс төсек, мамық жастық жатқан Пышан

Құдайдың құдіреті қалай екен, – деп өзін де аямай табалайды-ай.

Үстінен арыз түсіп, жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалғаннан кейін де сауатты Пышан жоғары жаққа өзінің кінәсіз екенін айтып, арыздар жолдаған. Досы Жақып та, адвокат жалдап, Алматыға жіберген. Екінші әйелі Балқия да әділдік іздеп Ташкентке сапарға аттаныпты. Арыз заң орындарында қаралып, тексеріліп, кінәсіздігі анықталып, қаулы қабылданғанша үш ай мерзім өткен ғой. Губернияның шешімі Пышан атылғаннан кейін екі сағаттан соң жеткізілген. Шабарман әкелген құнды құжатта: “Атылмасын”, – деген бұйрық бар екен.

Ел ішінде сол шешімді шолақ белсенділер әдейі кешіктірген деген пікір де бар. Менің ойым басқаша. Жоғарыдан сілтеме болмаса, атақты қазақ азаматтарын халықтың көз алдында атып тастау сияқты қатал үкімді жергілікті басшылар жүзеге асыра алар ма еді. Кісі қанын мойынға жүктеу де оңай емес шығар. Дәу­леттілерді “тап жауы” деп қуғын-сүргінге ұшыратып, бас имеген­дерінің көзін жойып, жергілікті ұлтты қорқытып, жаңа қоғамды мойындату – Кеңес өкіметінің ұзаққа созылған саясаты ғой…

Сол кездегі қайсыбір адамдардың есімі қа­лып жа­тыр ел есінде. Ал 1921 жылдан бері 80 жыл өтсе де Пышан бабасын ұмытпайды ел-жұрты. Оны мәңгілік рухқа айналдырған – ақындығы, әндері, таланты.

Өлеңімен өмірін жырлады. Өлеңімен мұң-шерін айтты. Өлеңімен арманын асқақтатты. Өлеңімен, әндерімен өкінішін қалдырды аманатқа. Сол өкініш ұрпақтарының ішін өртейді әлі. Сол өкініш жерлестерінің де өзегін удай ашытады. Сол өкініш 80 жылдан кейін менің де қолыма қалам алдырып отыр…

Жетісу өлкесінде өзінің алғашқы қадамын ел ардақтысы – ақынды атудан бастаған Кеңес дәуірінің ғұмыры да  70 жылға ғана созылды.

Ал үш рет атылғанда өлмеген Пышан ақынның “Қайша”, “Қыз Балқия”, “Дүние-ай”, “Угай-ай”, “Ала қарға”, “Әлі-ақ өтер заман-ай”, “Қоғалы-ай” әндері ауыл кештерінде әлі шырқалады.

Мәкен ӨСЕРБАЕВА

Дереккөз: egemen.kz

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baq.kz

1635 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 18:54
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 22:16

тақырыптан басқалай ойлап қалдым

+0
03 қазан 2012, 21:24

Бүгінгі Тілеулес Құрманғалиев ағамыз айтып жүрген "Ғайша" әні осы Пышан ақындікі. Оте қасіретті, қайғылы ән.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...