Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Куәгер көзімен / Тарихты қайта жазуға 5 тиын себеп

Тарихты қайта жазуға 5 тиын себеп

Тарихты қайта жазуға 5 тиын себеп

Солтүстік Аустралиядан табылған ежелгі тиындар тарихты қайта жазып шығуға себеп болып отыр. Бұған дейінгі тарихта аталған құрлықты капитан Кук бірінші болып ашты делініп келген болатын. Ал монеталардың Кукқа дейінгі 6 ғасыр бұрынғы дәуірге жататыны анықталған.

Табылған тиындар солтүстік Танзанияның Килва корольдігіне тиесілі екендігі белгілі болған. Және олар 900 жылдардың мұрасы болып шыққан.

Айта кетер болсақ, Аустралияның жазбаша тарихы 1606 жылдан басталған деген дерек болған.

Бұл деректі голландық зерттеушілер қалдырып кеткен болатын дейді Индиана Университетінің ғалымдары. Ал сол мыңжылдықтар бұрынғы монеталар қалайша Үнді мұхитының арғы бетінен табылғанына түсіктеме берейік. 

Мыстан жасалған 5 монета Африкада жасалған, олар 1944 жылы Солтүстік Аустралияның Вессель аралдарында қазылып алынған болатын. Индиана Университетінің ғалымдары монеталардың уақытын өлшей келе бұл құрлыққа капитан Куктың бірінші болып келгеніне күмәнмен қарай бастаған.

 

Джеймс Кук, ағылшын әскери теңізшісі

Аустралияның жазбаша тарихы

Аустралиялық аборигендер бұл құрлыққа Малай архипелагынан 40000 және 60000 жылдар бұрын келген деп саналады. Ал құрлыққа голландық теңіз саяхатшысы Виллем Янсон 1606 жылы келген деген дерек бар. Голландық өзге де теңіз саяхатшылары 17 ғасырда құрлықтың батыс және оңтүстік бөліктеріне барып, аймақты «New Holland» жері деп атаған болатын.

Зерттеу нәтижесі не өзгертеді?

Ал 1770 жылы британдық зерттеуші капитан Джеймс Кук Аустралияның шығыс бөлігін ашқан. 1778 жылы британдықтардың колониялары Ботани-Бейде соғылған болатын. Келесі жүзжылдықта құрлықтың басқа да аймақтарында колониялар соға бастайды. Жергілікті аборигендер мен колониялықтардың арасында болған ұрыс салдарынан түпкілікті аустралиялықтардың саны кеми түседі. Аустралиялық ғалым әрі зерттеу төрағасы Ян Макинтош (Ian McIntosh) монеталарды 1944 жылы жаяу әскер Мори Айзенберг деген азаматтың тапқанын айғақтайды. Айзенберг 1979 жылы Аустралиялық Орталық мұражайға қойған соң Макинтош оның қай ғасырға жататын жәдігер екенін анықтауға кіріскен.

Бұл жаңалық Аустралияны 1770 жылы капитан Кук ашты деген деректі тас-талқан етеді. Ғалымның айтуынша, одан бұрын бұл құрлықты голландық зерттеушілер ашқан.

Мыңжылдықтар бұрынғы монеталар қалайша Үнді мұхитының арғы бетінен табылғанын Ян Макинтош былай түсіндіреді: монеталарды жасаушы ежелгі Килва атты корольдік 13-16 ғасырлар аралығында Үндістанмен байланыс жасасып отырған. Оған дәлел – екі құрлық жағалауларындағы ежелгі сауда порттары. Қазіргі таңда Танзания аралының жағалауларында аталған порттарда қалған тас ескерткіштер бар. Олар Халықаралық мұра қатарына енген де. Мыстан жасалған тиындар тариха екі жерде табылған. Біріншісі жоғарыда айтқан  Мори Айзенберг атты жауынгердің табысы болса, екіншісі ХХ ғасырдың басында Оман елінде табылған тиындар.

Егер осы теория рас деп танылса еуропалықтардың Аустралия құрлығына келуінен 600 жыл бұрын да мұнда өркениет болған деп саналмақ. Ал бұдан кейін Аустралияның тарихы қайта жазылуы тиіс болады. Бұл теорияға сенгісі келмеген тарихшылардың бірқатары тиындардың Аустралия құрлығына қираған кемелердің қалдығы болып жағалауға келген деген болжамды ұстанады.

Қазына туралы болжам

Ендігіде Макинтоштың шілде айында жасалатын зерттеуі арқылы Аустралияға африкада жасалған тиындардың қалайша келіп қалғандығы жайлы толық анықталатын болады. Оның зерттеу нысанына жауынгер Айзенберг белгілеп кеткен жерлер мен аборигендердің құпия үңгірлері. Бір қызығы, бұл үңгірлерде зергерлік бұйымдар салынған атақты алтын сандық бболуы да мүмкін екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: gnezdo.webscript.ru

3569 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 мамыр 2013, 14:35
Пікірлер
+0
21 мамыр 2013, 15:54

Тарихтың көбінің өтірік екенін ойласам...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...