Хронология: жиырмасыншы бөлім

Хронология: жиырмасыншы бөлім
1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралды, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды.
1917 ж. көктем Өлкеде эсерлер ұйымы құрылды.
1917 ж. жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.
1917 ж. мамыр Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілдері болды.
1917 ж. маусым Атбасар уезінің Красивая деревнясында қоныс аударушы шаруалар қазынаның астық қоймасынан 12 мың пұт астық алып кетті.
1917 ж. 29 тамыз Перовскіде бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылданды.
1917 ж. 5 қыркүйек Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды.
1917 ж. қыркүйекте Петропавлда жұмысшылар Уақытша үкіметтің жергілікті органдарын тарату туралы шешім қабылдады.
1917 ж. қазан Жетісуда шаруалар Уақытша үкіметке сенбейтіндіктерін білдірді.
1917 ж. 24-25 қазан Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп алып, Қосөкімет жойылды.
1917 ж. 15-22 қараша Түркістан өлкесінде "Түркістан халық Комиссарлар Кеңесі" орнады.
1917 ж. 22 қараша Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды.
1917 ж. 30 қараша Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болып, революцияны қорғау туралы ант қабылданды.
1918 ж. қаңтар Кеңестердің Өлкелік ІV съезінде  Түркістан Автономиясының жариялануын мейлінше мезгілсіз деп есептеді.
1918 ж. қаңтар Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды.
1918 ж. 5 ақпанда  Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді.
1917 ж. 5-13 желтоқсан Орынборда жалпы қазақ съезі.
1917 ж. 21 қараша  "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасын жариялады.
1917 ж. қараша-1918 ж. қаңтар Сайлау нәтижесінде қазақ еңбекшілерінің көпшілігі "Алаш" партиясын қолдайтынын көрсетті.
1917 ж. 30 қазан Перовскіде Кеңес Өкіметі бейбіт жолмен орнады.
1917 ж. 1 қараша Ташкентте Кеңес өкіметі қарулы күреспен орнады.
1917 ж. қараша ӘулиеатадаКеңес Өкіметі бейбіт жолмен орнады.
1917 ж. қараша Черняевта (Шымкент) Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.
1917 ж. 25 желтоқсан Қостанайда Кеңес өкіметі қарулы күреспен орнады.
1917 ж. желтоқсанның аяғы  Көкшетауда Кеңес өкіметі орнады.
1917 ж. 2 желтоқсан Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады.
1918 ж. 16-17 ақпан Семейде Кеңес Өкіметі орнады.
1918 ж. қаңтардың аяғы Павлодарда Кеңес өкіметі орнады.
1917 ж. қарашада  Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі қазақтардың "Әскери үкіметі" қолына көшті.
1918 ж. 18 қаңтар Орынборда қарулы күреспен Кеңес өкіметі орнады.

Сурет ru.wikipedia.org сайтынан алынған

Форумда талқылау

Ж. FM