Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Хронология: жетінші бөлім

Хронология: жетінші бөлім

1738 жылы

Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Татищев

1740 жылы

Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет: Иран

1741-1743 ж.ж.

Абылай сұлтан Жоңғарияның тұтқынында болды.

1741-1742 ж.ж.

Қоңтайшы Қалдан серен Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "ақтабан шұбырындыны" жасады.

1742 ж. 20 мамыр

Ресей Сенаты қазақтарды және шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды.

1742 ж. 2 қыркүйек

Орынбор комиссиясының бастығы Неплюев Қалдан серенге хат жолдап, Ресей қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауын сұрады.

1747 жылы

 Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан

1747 жылы

Орыс патшасына Елизавета Петровнаның Алтай өңіріндегі тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады.

1748 жылы

Әбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.

1756 жылы

Жанқожа батыр Жаңа қаланы көтеріліс тірегіне айналдырды.

1756 жылы

Патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына Жайық жағалауына мал жаюға ресми түрде шек қойды.

1761 жылы

Абылай Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды.

1766 жылы

Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет ІІ Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін керуендерді қай бекіністерде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды–Семей, Жәміш.

1766 жылы

Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі: түркістан арқылы өтетін керуендерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу.

1758 жылы

Жоңғария толық талқандалды.

1761 жылы

Жоңғарияның орнына Шыңжан-әкімшілік бірлестігі құрылды.

1756 ж. 2қыркүйек

Жайық жағасына жақын жерлерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет шек қойылды.

1757 ж. 24 желтоқсан

Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды.

1760 жылы

Ертіс өңіріне Ресейдің әр түкпірінен жерсіз шаруалар, қылмыскерлер, Дон казактары әкеліп қоныстандырылды.

1799 ж. 21 қараша

Император І Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.

ХVІІІ ғ. 60 жылдар

Қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі.

1767 ж. 15 қараша

ІІ Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға мүмкіндік берді.

1757-1760 ж.ж.

Абылай Қытайдың билігін мойындады.

1760 жылы

Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, келіссөздер жүргізілді.

1771 жылы

Түркістанда Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, Абылай хан етіп сайланды.

1778 ж. 24 мамыр

ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп сайлады.

1761 жылы

Императрица Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап,отырықшылықты дамытты.

1759 ж. 1қаңтар

Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды.

1781 жылы

Абылай мұрагері Уәли хан сайланды, Абылай қайтыс болды.

1782 жылы

Уәли Петропавл бекінісіне барып, Ресейге адалдыққа ант берді.

1773-1775 ж.ж.

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

1773 ж. қыркүйек - 1774 ж. наурыз

Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта таралуы.

1774 ж. наурыз -1774ж. күз

Көтерілістің кең жайылуы.

1775 ж. қыркүйек - 1776 ж.ақпан

Қозғалыс саябырлап басылды.

1773 ж. қыркуйек - 1774 ж. сәуір

Пугачев шабармандарының Орта жүзді аралап, көтеріліске шақыруы.

1774 ж. сәуір-маусым

Орта жүз қазақтарының жоғары Жайық және Ой бекіністері төңірегінде Пугачев күштерін қолдауы.

1774 ж. жазы - 1776 ж.

Орта жүз қазақтарының Ертіс және Оңтүстік Сібірдегі әскери шептерге қауіп төндіруі.

1773 ж. 20 қыркүйек

Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады.

1773 ж. 17-18 қараша

Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты.

1773 ж. қазан

Көтерілісшілер Пресногорьковск бекінісіне, Троицк, Гагарьевск редуттарына шабуылдады.

1774 ж. жаз

Зверинрголовск бекінісі төңірегінде Пугачев тығылып жүр деген сыбыс тарады.

1774 ж. күз

Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша әскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты.

1775 жылы

Пугачев көтерілісі әлсіреді.

1775 ж. 7 қараша

Сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, Еділ, Каспий, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі,Сағыз өзендері мал жаюға рұқсат етілді.

1783-1797 ж.ж.

Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

1782-1783 ж.ж.

Жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

1782 ж. 27 желтоқсан

Патша үкіметінің жарлығы өзгертілді.

1742-1802 ж.ж.

Сырым Датұлы өмір сүрген жылдар..

 

5780 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 19 қаңтар 2012, 16:10
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...