Адамзаттың ғарышта жасаған 11 рекорды

Адамзаттың ғарышта жасаған 11 рекорды

Адам баласы ғарышты бағынбыру үдерісі басталғаннан бері көптеген рекордқа қол жеткізген. Біз солардың ең үздіктерін жинақтадық.

Анатолий Соловьев — ғарышқа ең көп шығып, аман қайтқан ғарышкер. Ол 1988 және 1997 жылдар аралығында бес ғарыштық экспедицияға қатысып, 16 рет ғарышта болған.

Валерий Поляков — «Союз ТМ-18» ғарыш кемесінде ең ұзақ сапар шеккен ғарышкер. Ол 1994 жылы 8 қаңтарда "Мир" орбиталық станциясына ұшып, 1995 жылы 22 наурызда қайтып оралған. Жалпы жұмсалған уақыты - 437 тәулік 17 сағат және 58 минут.

Сьюзан Хелмс және Джеймс Восс есімді америкалықтар орбитаның бойында, нақтырақ айтсақ, ғарыш кемесінен тыс аймақта ең көп уақыт өткізген ғарышкерлер болып табылады. Олар орбитада 8 сағат 56 минут болған.

400 171 шақырым — Адам баласының Жерден алшақтаған ең алыс қашықтығы. Бұл көрсеткішке 1970 жылы 15 сәуірде Apollo 13 құрамында болған Джим Ловелла, Фред Хейз және Джек Суигерт есімді ғарышкерлер жете алған.

Алғашқылардың бірі болғандар:

  Юрий Гагарин — 1961 жылы 12 сәуір күні "Восток-1" кемесінде ғарышқа шыққан тұңғыш ғарышкер.
  Валентина Терешкова — Ғарышқа үшқан тұңғыш әйел-ғарышкер. Ол 1963 жылдың 16 маусым күні "Восток-6" ғарыш кемесінде орбитаға жетіп, Жерді 48 рет айналып шығады.
    Алексей Леонов тұңғыш кемеден орбитаға шыққан ғарышкер болып табылады. Ол 1965 жылдың 18 наурыз күні "Восход-2" кемесінде ғарышқа ұшқан.
    Нил Армстронг — Айқа қадам басқан тұңғыш адам. Ол 1969 жылдың 21 шілде күні Apollo 11 ғарыш кемесінде айға жетеді.
    Светлана Савицкая — кемеден ғарышқа шыққан тұңғыш әйел-ғарышкер. Ол 1984 жылдың жазында «Салют-7» — «Союз Т-12» орбиталық кешенінде болған.
    Әлемдегі алғашқы ғарышкер-турист америкалық бизнесмен Деннис Тито болып табылады. Ол 2001 жылдың 28 сәуір күні «Союз ТМ-32» Ресей ғарыш кемесі ғарышкерлерінің құрамында ұшады. Сосын 8 күннен кейін Жерге қайтып оралады.


Сурет: www.bankoboev.ru

Ж. Өрісбай