Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 5-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 5-бөлім

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

Бүгінгі біз сөз ететін көрме "Қазақстанның жазба және баспа ескерткіштері" деп аталады.

Мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғаттың айтуы бойынша, сан ғасырлық мәдени мұрамызды сақтау, оны келер ұрпаққа ұсыну мақсатында Елбасының бастамасымен 2004 жылдың 13 қаңтарында ҚР Үкіметі қаулысымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындаған. Бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспарының 92-тармағында «… қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар қолжазбаларды, жәдігер басылымдарды, кітаптар мен мұрағаттық құжаттарды табу және сатып алу үшін алыс және таяу шетел қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру» көзделген. Осы мақсатта алыс-жақын шетелдерге ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы 5000-ға жуық жаңа қолжазба мен баспа басылымдары табылды, елге бірқатарының көшірмелері әкелінді. Ғылыми және жазба мұралардың ең үздік үлгілері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 300-ге жуық еңбек жарияланды және жарияланып жатыр.

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылы 16 қарашадағы № 65 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен Қазақстанның ХҮ-ХХ ғасырлар тарихы бойынша құжаттар көшірмелерін іздестіру және алу шараларының бағдарламасы» қабылданды. Шетел мұрағаттарынан, ғылыми мекемелері мен кітапханаларынан Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттарды іздестіру, көшірмелерін алу жұмыстары Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында да қолға алынып, 2007-2009 жылдары жалғасын тапты.

Көрмеде осы бағдарлама аясында қолға түскен еңбектер қойылған.

Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері:

выа

Әл-Фараби туралы қазақстандық философиялық зерттеулер:

ап

Ұлы Түрік қағанаты туралы Қытай деректері мен түсініктері:

ав

Қазақтың әдеби жәдігерлері:

ва

Сонымен қатар, Қазақстанның бас кітабы Конституция қойылған:

ва

Елбасымыздың мемлекет құру кезіндегі еңбегі жазылған "Көш бастаған Елбасы" атты кітап:

ва

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері де төрден орын алған:

ва

"Қазақстан жолы" кітабы

Алматы, Астана қаласы, сонымен қатар, еліміздің көрікті жерлері туралы кітаптар да бар:

вап

ва

ыв

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында Ресей Федерациясының орталық мұрағаттарынан, Омбы, Орынбор мұрағаттарынан 28787 құжат; Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат; АҚШ-тың Бейбітшілік және төңкеріс, соғыс Гувер институты мұрағатынан 20 құжат; Башқұртстанның Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатынан 1145 құжат; Федеративтік Германия Республикасының Федералды мұрағаты, Сыртқы істер министрлігінің саяси мұрағаты, Бұрынғы Германия Демократиялық Республикасының қауіпсіздік министрлігінің мұрағатынан барлығы 93 құжат; Ұлыбританияның Ұлттық мұрағаты, Британ кітапханасы және Азия істері бойынша корольдік қоғамы мұрағатынан барлығы 82 құжат; Түркия Республикасы Премьер-министрдің жанындағы Мемлекеттік мұрағаты, Осман мұрағаты Түрік тарихы мекемесінің мұрағатынан 168 құжат; Египет Араб Республикасының Дарул Кутуб мұрағаты, Дарул Кутуб кітапханасы, Дарул Кутуб ұлттық кітап үйі, Араб қолжазбалар институты, Насролла ат-Таразидің жеке мұрағаттарынан 282 құжат; Қытай Халық Республикасының Бірінші тарихи мұрағатынан, Қытай шекарасының тарихи географиялық зерттеу орталығынан, Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы кітапханасынан, Синьцзянь университетінің кітапханасынан 111 құжат пен кітаптар; Арменияның Ұлттық мұрағатынан 27 іс; Татарстанның Ұлттық мұрағатынан 521 іс алынды.

ва

вап

Көрме алдына жазба мәдениетімізді түгендеуге үлкен септігін тигізген «Мәдени мұра», «Ғылыми қазына» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың жемісін көрсету және дәріптеу мақсатын қойған.

Тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесі жасалды. Қорыта айтқанда, елдің рухани-мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталы жасалды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Ғылыми консультант: Мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғат

суреттер: ©Еркебұлан Қайрахан

Massaget