Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Хронология / Сирек кездесетін кітаптар. 4-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар. 4-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар. 4-бөлім

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

5-бөлім

Мұражайдағы саяхатты жалғастырамыз.

Естеріңізде болса, бұған дейін мұражайдың «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты 4 тұрақты көрмеден тұратындығын айтқан болатынбыз.

Бүгінгі сөз болатын "Отандық көне басылымдар" атты 3-экспозияцияда араб әрпімен басылып шыққан тарихи деректерге бай, халықтың саяси, мәдени өмірінен мол мағлұматтар беретін, құнды жәдігер саналатын алғашқы қазақ баспа кітаптары мен басылымдары сақтаулы тұр. 

ап

ва

Көрмеден алғашқы баспа кітаптармен қатар, баспа бетін көрмеген Шортанбай, Шал, Әсет, Мәди сынды қазақ ақындары мен жыраулары шағармаларының қолжазбаларын да көруге болады. Көрмеміздің ең құнды жәдігерлерінің бірі – Жаяу Мұса Байжанұлының өз қолымен жазылған күнделігі және Ә. Марғұланның Жаяу Мұса туралы естелігі көрерменге түп нұсқасында ұсынылды.

 Жаяу Мұса Байжанұлының күнделігі. 1911-1918 жылдар:

ап

Құлекеұлы Шал ақынның шығармалары. Қолжазба. 1946 жыл:

ва

Әсет ақынның шығармалар жинағы. Қолжазба:

ап

Алғашқы қазақ баспа кітаптары ХІХ ғасырдың басында Санкт-Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында шыға бастады. Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспа кітаптардың бірі саналатын «Сейфулмәлік» дастаны араб графикасымен 1807 жылы жарық көрді.

Баспа өнерінің ХІХ ғ. Қазан, Уфа, Орынбор, Омбы, Ташкент  қалаларында, ХХ ғасырдың басында Верный, Кереку, Семей т.б. қалаларында қарқынды дамуы қазақ халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы мен жекелеген ақын-жазушылар, ғалымдар, ойшылдар шығармаларының хатқа түсуіне, жинақталуына оңтайлы құбылыс болды.

Қазан қаласы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Ресейдің шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптарды бастыру ісінің ірі орталығы болғандығын айта кетелік. Қазақ ауыз әдебиетінің туындылары – қиссалар, эпостық, лирикалық жырлар, айтыстар, діни дастандар мен аңыз-ертегілер Қазан қаласындағы Б.Домбровский, М.Чирков, Ш.Хусаинов, И.Харитоновтардың және т.б. жеке баспаханаларында басылды.

Көрмеде Қазан қаласында басылып шыққан ноғай жырлары: «Қырық уәзір хикаясы», «Ер Сайын» жыры және Нұртуған жырау нұсқасындағы «Орақ-Мамай» жырының қолжазбаларымен қатар, бірнеше тарихи маңызы бар жырлар бар.

 Қыр баласының (Ә.Бөкейханов) жазуындағы "Ер Сайын" жыры. Мәскеу. 1923 жыл:

см

"Ер Тарғын" жыры. Қазан. 1909 жыл:

ап

 

"Шайбани хан" дастаны. Самарқан. 1928 жыл:

 ва

Халық арасында кең жырланған Сұлтан Кенесары мен Садық, Ерназар және Бекет батыр жырларының И.В.Аничков, С. Смирнов бастырған баспа кітаптары да көрменің көркін ашып тұр.

 И.В.Аничиков. Қазақ халқының ауыз әдебиеті ескерткіштері, Ерназар және Бекет ата жырлары, Қазан. 1896 жыл:

па

С.Смирнов. Сұлтан Кенесары және Садық. Сұлтан Ахмет Кенесарыұлының биографиялық очеркі. Ташкент. 1889 жыл:

вап

Тарихын тереңнен тарқататын халқымыздың бізге жеткен ең ерекше, құнды мұрасы – шежіре. Арабтың “шаджара” үрімбұтақ, тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра әлмисақтан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер. М.Қашқаридың «Диуан луғат ат-түрік», Әбілғазы Бахадурханның «Шәжәрә-и ат-түрік», көне «Қудатғу білік» шығармаларында түркі тілдес халықтардың шежірелері қамтылған.

Әбілғазы. "Тарихи шежіре ат-түрк". Санкт-Петербург. 1891 жыл:

ва

Бұған қоса Мухаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» және Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы» сияқты ортағасырлық құнды мұраларында халқымыздың шежіреге деген құрметі мен ыждаһаттылығы анық көрініс береді. Сол сияқты қазақ қоғамы арасында кеңінен мәлім болған шежірелер қатарына «Қиян Домбауыл мерген шежіресі», «Алаш мыңы», «Үйсін Майқы бидің шежірелері», «Қыпшақ Кіреулі шежіресі», «Едіге би шежіресі» сияқты ортағасырлық жазба мәдениетінің мұраларын жатқызуға болады.

Көрмеден сонымен қатар, С.Торайғыров жазған «Қазақ тайпасының ата-бабаларының турасында сөйленген рауаятлар баяны» шежірелік қолжазбасын, М.Ж. Көпеев жинаған шежірелерін көруге болады.

С.Торайғыров. Қазақ тайпасының ата-бабаларының турасында сөйленген рауаятлар баяны. Қолжазба. 1921 жыл:

ва

Көрмеде сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Нәзір Төреқұлов секілді арыстарымыздың білім беру саласында жазған еңбектері сақтаулы тұр.

Нәзір Төреқұлов. Ұлт мәселесі және мектеп. Мәскеу. 1926 жыл:

ап

Мағжан Жұмабаев. Бастауыш мектептегі ана тілі. Ташкент. 1923 жыл: 

ап

Х.Досмұхамедұлы. Жануарлар. Ташкент. 1922 жыл:

вап

Қазақ-қырғыз тіліндегі география. Құрастырған: А.Құрақбаев. Қолжазба. 1902 жыл:

ва

Ерекше жәдігерлердің бірі Абайдың қызы Уәсиланың әкесі туралы естелігін айтуға болады:

авп

Осымен бүгінгі әңгімемізді аяқтаймыз. Массагетпен бірге болыңыздар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Ғылыми консультант: Мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғат

сурет: ©Еркебұлан Қайрахан

Басты суретте: Мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғат

4892 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 мамыр 2013, 11:42
Пікірлер
+0
29 мамыр 2013, 13:50

Қызықты-қызықты сұрақтар қойып, сұхбат ұйымдастырғаныңызға рахмет, Ереке!

+0
29 мамыр 2013, 13:52

барып көретін боп кетті

+0
04 мамыр 2014, 21:52

Арабша үйренсем...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...