Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 3-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 3-бөлім

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

5-бөлім

Естеріңізде болса, бұған дейін мұражайдың «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты 4 тұрақты көрмеден тұратындығын айтқан болатынбыз.

Бұл жолы сіздерге көрменің «Қолжазбалар – ғасырлар мұрасы» атты рет саны бойынша екінші экспозициясы туралы айтып бермекпіз.

gh

Елдің тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси өмірінен мол мәлімет беретін қолжазбалар адамзат өркениетінің ортақ мұрасы саналған. Бұл көрмеде елдің тарихи, мәдени, қоғамдық өмірінен мол мәлімет беретін қолжазба мұралармен таныстырамыз.

ро

о

ол

Бөлімге аса құнды һәм ғылым игілігіне қажетті шежірелік еңбектер мен қолжазбалар, қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты фольклорлық, этнографиялық материалдар қойылған.

ро

ро

пр

Көрмеде күллі мұсылман қауымның діни жоралғысы мен дүниетанымын қалыптастырған Құран Кәрімнің әр түрлі жазу үлгісіндегі (насх, насталик) нұсқалары мен түркі жұртының рухани пірі саналған Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметтерінің» қолжазба және Қазанда (1896 ж.) жарық көрген баспа нұсқасы ұсынылған.

Құран кәрім. Қолжазба. 1851 жыл:

ап

 

Қожа Ахмет Яссауи. Қолжазба. 1902 жыл:

ваап

Соның қатарында Хожа Хафиз Ширази диуандары, әл-Хорезмидің «Махаббат-намасы», Наср ад-дин Рабғузидің «Қисас ал-анбиясы», Сопы Аллаярдың «Сабат ал-аджизині» (Әлсіздерге жігер) бар.

Наср ад-дин Рабғузи. «Қисас ал-анбия» (Пайғамбарлар қиссасы). Ташкент. 1917 жыл:

ва

Әлемдік ғылым мен өркениет дамуына өзіндік үлесін қосқан дарынды ғұламалар аз болған жоқ. Сондай Қазақстан территориясында өмір сүрген ортағасырлық бірқатар ғұламалардың еңбегі көрмемізде лайықты орнын алды. Солардың ішінде әл-Фараби, Ибн Сина сияқты ат мәшһүр ғалымдардың және Ахмед Иүгенекидің «Хибат ал-Хақаиқ» (Хақиқат сыйы), Махмұт Қашқаридің «Диуани луғат ат-турк», Жүсіп Хас Хажіб Баласағұнның шығармалары көрме төрінде тұр.

Жүсіп Хас Хажіб Баласағұн. «Құтты білік». Үрімжі. 1985 жыл:

па

«Ахбар Шыңғысхан уа Ақсақ Темір», «Темір-наме», «Тауарих Мырза», «Тарих Сайқали», «Тарих-и Туркистан» (Түркістан тарихы) сынды Қазақстан тарихынан мол мәлімет беретін тарихи шығармалар да көрменің ажарын кіргізіп тұр.

«Тарих Сайқали». Қолжазба. 1882 жыл: 

авва


«Ахбар Шыңғысхан уа Ақсақ Темір». Қазан. 1819 жыл:

ав

Қолжазба жәдігерлері арасынан атақты шығыс шайырлары Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамесін», Физулидің «Лейлі-Мәжнүнін», адамдық ізгі қасиеттерді жырлаған Әлішер Науаидің диуандарын, Омар Хаям рубаяттарын көре аласыздар. Бұл шығармалар әлемдік көркем әдеби ескерткіштер қатарында. «Шығыс Илиадасы» аталған «Шаһнаме», «Лейлі-Мәжнүн» ғашықтық дастандары қазақ арасында ауыз әдебиет үлгісінде де, қолжазба түрінде де тарады.

Әбілқасым Фирдоуси. «Шаһнаме». Ташкент. 1908 жыл:

па


Омар Хаям. "Рубаяттар". Ыстанбұл. 1926 жыл:

ва


Мың бір түн. Ташкент. 1903 жыл: 

ва

Бұдан басқа 12-18 ғасырлардан қалған дипломатиялық құжаттар көруге болады. Нақтырақ айтқанда, осы кезеңдерде билік еткен хан жарлықтары, Алтын орда хандары Батыйдың Рим папасына, Тоқтамыс ханның Польша королі II Ягелоға, Әмір Темірдің Франция королі IV Карлға жазған хаттары сақталған.

Дипломатиялық құжаттар. 12-18 ғасырлар:

апвавава

Сонымен қатар, Ораз Молда, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ақындарымыздың парсы тілінен қазақ тіліне аударып, оқиға желісін әдеби шеберлікпен суреттеп, қазақ ұғымына түсінікті етіп жазып кеткен шығармалары бар. Көрмеге бұл жырлардың қолжазба және алғашқы баспа нұсқалары қойылған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Ғылыми консультант: Мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғат

суреттер: ©Еркебұлан Қайрахан

Massaget