Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Гитлерге бағынбаған махаббат

Гитлерге бағынбаған махаббат

Гитлерге бағынбаған махаббат

Жоғарыдағы суретті қараңыз. Онда талай адамның арасында ерекшеленген адамды байқайсыз. 1936 жыл. Гамбург қаласында Адольф Гитлерді қарсы алып, қолдарын көтеріп тұрған адамдар. Арасында қарапайым жұмысшы киіміндегі, екі қолын кеудесіне қойған жалғыз адам бар.

Оның аты Август Ландмессер. Ал социал-националистік ой-идеялы заманда қарасы бар, дарасы бар – бәрі де фюрерге айрықша «құрмет» көрсететін. Бұл күні Гитлер атақты “Хорст Вессель” қайығын суға жіберу салтанатына арнайы келген еді.

Сурет 55 жылға таяу уақыт бойы назарға ілікпей келіп, тек 1991 жылы ғана қоғамда дүмпу туғызды. Суретті Август Ландмессердің туған қыздарының бірі мұрағаттан тауып, әкесінің өмірі жайлы жергілікті газеттердің біріне дереу хабар берген.   

Әкесінің өмір тарихы былай екен: Август 1931 жылы жұмыс іздеп жүріп националистік партия қатарына енеді. 1935 жылға дейін партия мүшелігінде болған оны Ирма Эклер есімді еврей ұлтының қызына үйленгені үшін қудалайды.  

Ирма Ингрид және Ирена деген екі қыз босанады. (Соның бірі суретті тауып, осы әңгімені газетке берген адам). 1938 жылы еврейлерге қарсы саясат күшіне мінген кезде Август абақтыға түседі. Соғыс басталып, 1941 жылы бостандыққа шыққан ол не соғысқа қатыса алмайды, не үйіне жете алмайды...

Август Ландмессер әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Өкінішке орай, әйелінің тағдыры тым қатал болады. Фюрерліктер оны өлтіріп, балаларын бөлек-бөлек концлагерге аттандырып жібереді екен. Ингрид есімді қыз 1951 жылы өз әкесінің фамилиясын алады. Бүгінге дейін екі қыз бірін-бірі білмейді. Ал 1996 жылы Ингрид «A Family Torn Apart by “Rassenschande”» деп аталатын кітап жазып, онда әкесінің, отбасының тарихын жинап, деректер мен құжаттарды ұсынады.  

Ал аңыз сурет Берлинде кезіндегі орталық гестапо орналасқан Prinz Albrecht 8th Street бойындағы «Террор топографиясы» экспозициясында сақтаулы. Сөйтіп, Гитлердің қаһарынан қорықпай, махаббат үшін ғұмырын тәрк еткен Август тарихта қалып қойды. Ал әлемнің БАҚ беттері бұл деректі бірінен бірі көшіріп басуда.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fasena.de

1068 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 22 қараша 2012, 02:55
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 13:05

Махаббат үшін ерлік жасаған! екіұшты мәселе болса да, анау суретіне қарап, таңғаласың...

+0
22 қараша 2012, 14:16

мықты екен....

+0
22 қараша 2012, 16:21

сурет керемет)

+0
22 қараша 2012, 17:27

андағы суретті байқамай өтіп кетуге болады екен

+0
23 қараша 2012, 15:11

екіұшты мәселе негізі бұл, бірақ сурет жақсы екен...

+0
28 қараша 2012, 02:55

суреттен оның соншалықты батыл адам екендігі көрінді, бір сурет - бір тарих. Егер осы сурет болмаса ешкім де оны білмей кетер еді ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...