Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Қуғын-сүргін қасіреті әлі де зерттеуді қажет етеді

Қуғын-сүргін қасіреті әлі де зерттеуді қажет етеді

Қуғын-сүргін қасіреті әлі де зерттеуді қажет етеді

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты "Жас қазақ" газетінің өкілдерімен бірлесе қуғын-сүргіннің 80 жылдығына арналған "Қуғын-сүргін қасіреті" атты дөңгелек үстел өткізіп, оған институт қызметкерлері, "Әділет" тарихи-ағарту қоғамының мүшелері,  құрғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.

Алқалы жиын барысына қатысушылар Кеңестік жүйе тұсындағы үкімет тарапынан республикада қуғындалған азаматтарға қарсы жүргізілген сталиндік саясаттың негізгі ұстанымдары, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихының кезеңдері мен "халық жауы" ретінде айыпталып, сотталып, түрмеге қамалған, лагерьлерге жіберілген, атылған жеке ұлт қайраткерлері, қарапайым азаматтарының тағдырлары жайында ойларын ортаға салды.

Сталиндік солақай саясаттың құрбанына айналып "ұлтшыл", "халық жауы" ретінде қуғындалғандар мәселесімен дөңгелек үстел жұмысын бастаған институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов 1917-1991 жылдар аралығында қуғын-сүргіннің бірнеше  толқыны болғандығын және осы ұлттық интеллигенцияның орнын ойсыратып, халық санасына үрей қалыптастырған толқындар халық жадында сақталып, тек тәуелсіздік жылдарында ғана сталинизм саясатының мәні ашылып, арыстардың ақталғандығын баса айтты. 

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары үкіметтің жауапты қызметін атқарған, бірақ 1937 жылы қуғындалып, атылып кеткен Ұзақбай Құлымбетовтің институт қызметкерлері даярлап шығарған "Материалдар мен құжаттар жинағымен" көпшілікті таныстырды.

"Ұзақбай Құлымбетов 20-30 жылдары Қазақстанда жүзеге асқан социалистік түбегейлі өзгерістердің бел ортасында жүрді. Ұжымдастыру мен индустрияландыру, мәдени революция мен әкімшілік-аумақтық аудандастыру, әліпби реформасы мен астананы Қызылордадан Алматыға көшіру, денсаулық сақтау мен сауда қызметін ұйымдастыру - осының бәріне тұлғаның қосқан үлесі бар", - дей келе, институт бар мүмкіндігінше қайраткердің тұлғалық қасиетін ұлықтайтын бірнеше іс-шаралар ұйымдастырып, мерзімді баспасөзде мақалалар тізбегін жариялауы оған деген құрмет, ізет екендігін білдірді.

Ұлт зиялылары, әсіресе алаш қозғалысы қайраткерлерінің қуғындалуы 1919 жылғы Алашордашыларға жасалынған кешірімнен кейін қолға алғандығын, зиялы қауымды жікке бөліп "шылдық" пен "шілдікті" тудырып, олардың арасында бір-біріне айдап салу арқылы өзара қырқысулар тудырып, өршелендіре түскен үкіметтің әккі саясатының түбінде не жатқандығын мысалдар негізінде саралап берген тарих ғылымдарының  докторы С.О. Смағұлова да сөз барысында еңбегі жарық көрген Ұ. Құлымбетовтің 20-30 жылдары бірнеше рет жалған айыппен қуғындалып, ақыры "халық жауы" ретінде атылып кетуінің себебін ашып,  кітапта жарияланған қайраткердің еңбегінің қазіргі кездің өзінде бағалы екендігінде тоқталды. 

"Әділет" тарихи-ағарту қоғамының атынан ойын білдірген тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбай ХХ ғасырдың 30жылдарындағы қуғын-сүргін науқанынан ұшырағандарға Алматы облысының Жаңалық ауылында ескерткіш тұрғызылып, сол жерде әр жыл сайын іс-шаралар өкізілетіндігін, алдағы уақытта да қоғам мүшелерінің алдында қолға алып, жүзеге асыратын істердің көптігін айта келе, қуғындалғандардың еске сақтап, олардың тұлғалық қасиеттерін  өскелең ұрпаққа насихаттауда ғалымдардың құрбан болғандардың ұрпақтарымен бірлесе түсіндіруге шақырды.

1917-1938 жылдар аралығында болған түрлі науқандар мен қуғын-сүргінге ұшырағандардың демографияға тигізген зардабын тарих ғылымдарының докторы А.И. Құдайбергенова саралап берсе, институттың докторанты А. Жүнісбаев 1937 жылы ұлт зиялысы С.Асфендиаровтың қуғындалып, атылып кету процесіне тоқталды.

ХХ ғ. 30 жылдары арасында ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, дін иелері, қарапайым ауыл азаматтардың қуғындалып кетуі барысын т.ғ.к. З.М. Төленова, институт докторанты Р.Е. Оразов және институт магистранты А. Беркімбай айтып өтті.

Дөңгелек үстел соңында оған қатысушылар бір ауыздан алдағы уақытта кеңес жүйесі тұсында қызмет атқарып, 30 жылдары нақақтан қуғындалып, ақталған, бірақ әлі күнге дейін тиісті бағаланбай жүрген азаматтардың есімдерін анықтау, ғылыми еңбектер жазу, насихаттауды алдағы уақытта қолға алуды маңызды санады. 

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих
және 
Этнология институтының 
ғылыми қызметкері Р. Көбеев

299 0
Рейтинг: +2

Фото: Автордан
Қосылған күні: 18 мамыр, 13:05
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...