Хеопс пирамидасының жасырын бөлмелері табылды (видео)

Хеопс пирамидасының жасырын бөлмелері табылды (видео)
Фото: Operation Scan Pyramids

Хеопс пирамидасының жер қойнауларында халықаралық ғалымдар тобы бұрындары адам баласына беймәлім болып келген екі жасырын бөлмені тапты. Ежелгі мазардың бұл бөлмелерін инфрақызыл сканерлеу арқылы және мионды томография жасау барысында анықтаған.

Бөлменің біреуі кіретін есіктердің солтүстік жағында болса, екіншісі солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл жасырын бөлмелердің бір-бірімен байланысы болуы мүмкін. Зерттеулердің қорытындысы зертханаға жіберіледі, онда мамандар виртуалды моделдеу арқылы бөлмелердің ауқымын анықтайды.

Айта кетейік, бірнеше археолог жаңа табылған бос орындардың бөлме еместігін айтады. Олардың айтуынша, бұлар фараонның жасырын бөлмесі емес, небәрі тас қалаудағы қателіктер.

Scan Pyramids жобасының аясында Египеттен және Франциядан келген ғалымдар Гизадағы Хефрена пирамидасын және Дахшурда екі пирамиданы зерттеп жатыр екен.

B. ZHAQSYMBET