Титаник және 160 минутқа толы арпалыс

Титаник және 160 минутқа толы арпалыс
Фото: bigbangnews.com

Титаник және 160 минутқа толы арпалыс әйгілі «Титаник» апатына биыл 104 жыл толыпты. Сол оқиғадан 85 жыл өткеннен кейін «Оскар» сыйлығына 14 рет ұсынылып, 11-ін ұтып алған атақты фильм. «Титаник» деген махаббат хикаясын барлығыңыз көрген шығарсыздар?! Бұл да өзінше бір тарихты кино ретінде баяулатып шығарған керемет туындысы. 

– Түсірген киносына бөлінген ақша «Титаник» кемесін құрастыруға кеткен ақшадан да асып кеткен.

 1997 жылы небәрі бір жылда 1 млрд АҚШ доллар тапқан кино.

 «Титаник» деген алып кеменің құрылысы 1909 жылы бастау алып, ағылшын ұсталары ең алғашқы ірі лайнерді небәрі 3 жылдың ішінде соғып шықты. Ұзындығы 268 м., салмағы 46328 т болатын алып кеменің құрылысына кеткен қаржы көлемі – 7 500 000 АҚШ доллары.

 1912 жылдың 10 сәуірінде ағылшынның Саутгемтон қаласынан шыққан алып лайнер 4 күн жүзіп, 1912 жылдың 14 сәуірінде түнгі сағат 23:40-та Айсбергке соғылды. 2 сағат 40 минут ішінде толығымен суға батты.

 Кішігірім тарихы бар «Титаникті» жасаған ағылшынның білікті, тәжірбиелі ұсталары теория бойынша ол суға батуы бек мүмкін емес деп бір ауыздан айтты. Кеме 16 бөліктен тұрды. Есепшілердің болжамы бойынша 3/5 бөлігі суға толса да, кеме батпауы керек еді.

 Апаттан кейін 121 күн талқылаған оқиғада білгіштер басын шайқап, кемені жасағандар мүмкін емес деуден танбады. Ал ендігі саяхат ең қауіпсіз деп танылған кеменің 4 түтін құбыры бар. Бірақ 3-еуі ғана жұмыс жасап біреуі тек әдемілік, желдеткіш ретінде салынған.

 «Титаникпен саяхатта» ең беделді адамдар, туристер, қалталы азаматтар мен мұхитқа тамсану үшін ағылған кемедегі саяхатшылар – барлығының саны 2224. 1316-сы жолаушы, 908-і экипаж мүшесі.

 Ең қымбат 1-класс билетінің бағасы қазіргі инфляциямен 112 750 доллар. Кеме ішінде 2 неке қию, 13 жас отбасыға "бал айы" жоспарлаған, 9 болашақ ана, 11 мысық, 20 асыл тұқымды ит тағы басқалары болған.

 Кеменің қозғалысына көмірді пайдаланған, 180 адамның күші арқылы күніне 825 тонна көмірді жағып отырған. Кемеде 1178 құтқарушы қайық болған, алайда оған тек кемедегі адамның жартысы ғана сыюшы еді.

 Апатта 1513 адам жан сауғалап, кемеге қонғаны аман қалды. Қалған 711 адам опат болды. Өз-өзіне қол салды, үсті, қатты... Бұл жерде кеме бортындағы жүргізушілер уақытты созу үшін капитан бастаған бір топ жігіттер суға батып бара жатса да, жұмыстарын жалғастыра берген. Есесіне кеме 2 сағат 40 минуттан кейін батқан.

 «Титаник» кемесі суға батты, ал біреулер батпады деп әлі күнге дейін толық зеріттелмеген шикі тарихты ары қозғайды, бері қозғайды. Тағы кино түсіреміз дейді. Табамыз, анық-қанығына көз жеткіземіз дейді... Бір анығы батпақ күндер бүгін кеуіп, "Титаник" тарих бетінде қалды. 

Қасеке Нұрсұлтан

Г. Берік