Ел билеген әйелдер #5

Ел билеген әйелдер #5
Фото: entropymag.org

Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал  қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.

Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Сонымен тарихта ел билеген әйелдер туралы мәліметке көз жүгіртсек.

Орта ғасыр

Басы

– Иоанна I (1271–1305 ж.ж.) — Наварра патшайымы, Францияның консорт ханшайымы.
– Екатерина I де Куртене (1274–1307 ж.ж.) — Латын империясының императоры (1283 ж.).
– Маргарет (1283–1290 ж.ж.) — Шотландия ханшайымы (1286 ж.).
– Жанна I (1292–1330 ж.ж.) —Наварра мен Францияның консорт ханшайымы.
– Ақсақ Жанна (1293–1348 ж.ж.) — Францияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Француздық Изабелла (1295–1358 ж.ж.) — Англияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Екатерина II Валуа (1303–1346 ж.ж.) — Латын империясының императоры (1307 ж.)
– Жанна II (1308–1347 ж.ж.) —Бургундияның консорт ханшайымы.
– Иоанна II (1312–1349 ж.ж.) — Наварра патшайымы.
– Джованна I (1328–1382 ж.ж.) — Неаполь ханшайымы.
– Леонора Теллеш де Менезеш (1350–1386 ж.ж.) — Португалияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Даниялық Маргарита I (1353–1412 ж.ж.) — Дания патшайымы (1387–1396 ж.ж.), Норвегия билеушісі (1387–1389 ж.ж.), Швеция патшайымы (1389–1396 ж.ж.).
– Елена Груба (1398–? ж.ж.) — Босния ханшайымы.
– Сицилиялық Мария (1363–1401 ж.ж.) —Сицилия ханшайымы (1377–1401 ж.ж.), Афины билеушісі.
– Бавариялық Изабелла (1371–1435 ж.ж.), Францияның консорт ханшайымы (1385–1422 ж.ж.). Жұбайы Карл VI психологиялық ауруға шалдыққандықтан 1402 жылдан бері елді тұтастай билеген. 
– Ядвига (1373–1399 ж.ж.) —Польша ханшайымы (1384 ж.).
– Мария (1371–1395 ж.ж.) — Венгрия ханшайымы (1382 ж.).
– Португалиялық Беатриса (1372–1410 ж.ж.) — Португалия ханшайымы, Испанияның консорт ханшайымы.
– Клара Зорци (?–1455 ж.ж.) — Афина билеушісі. Уақытша билік құрған (1351–1354 ж.ж.).
– Бланка I (1387–1441 ж.ж.) — Наварра билеушісі, Немур ханшайымы, Сицилияның консорт ханшайымы.
– Елизавета фон Гёрлиц (1390–1451 ж.ж.) — Люксембург билеушісі (1411–1443 ж.ж.)
– Арагондық Элеонора (1402–1445 ж.ж.) — Португалияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Бланка II (1424–1464 ж.ж.) — Наварраның титулды ханшайымы.
– Сухита — Маджапахит патшайымы (1429–1447 ж.ж.).
– Изабелла I (1451–1504 ж.ж.) — Кастилия мен Леонның ханшайымы (1474 ж.ж.).
– Шарлотта (1444–1487 ж.ж.) — Кипр патшайымы (1458–1460 ж.ж.).
– Катерина Корнаро (1454–1510 ж.ж.) — Кипр ханшайымы (1474–1489 ж.ж.).
– Хуана Бельтранеха (1462–1530 ж.ж.) — Кастилия мен Леонның ханшайымы (1475–1530 ж.ж.).
– Хуана I (1462–1555 ж.ж.) — Кастилия мен Леонның ханшайымы (1504 ж.), Арагон билеушісі (1516 ж.).
– Маргарита Тюдор (1489–1541 ж.ж.) — Шотландияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Клод (1499–1524 ж.ж.) — Бретань билеушісі, Францияның консорт ханшайымы.
– Анна фон Штольберг-Вернигероде (1504–1574 ж.ж.) — Кведлинбург билеушісі.
– Елена Глинская Васильевна (1508–1538 ж.ж.) — Мәскеу билеушісі (1533–1538 ж.ж.).
– Мария де Гиз (1515–1560 ж.ж.) — Шотландияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Екатерина Медичи (1519–1589 ж.ж.) — Францияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Джейн Грей (1537–1554 ж.ж.) — Англия ханшайымы (1553 ж.).
– Мария I (1516–1558 ж.ж.) — Англия ханшайымы (1553 ж.).
– Иоанна III (1528–1572 ж.ж.) — Наварра ханшайымы, Фуа билеушісі.
– Мария (1528–1603 ж.ж.) — Испанияда уақытша билік құрған.
– Елизавета I (1533–1603 ж.ж.) — Англия ханшайымы (1558 ж.).
– Аустриялық Хуана (1535–1573 ж.ж.) — Испанияда уақытша билік құрған.
– Мария I Стюарт (1542–1587 ж.ж.) — Шотландия ханшайымы (1542–1567 ж.ж.), Францияның консорт ханшайымы (1559–1560 ж.ж.).
– Сүйімбике — Қазан хандығының билеушісі (1549–1551 ж.ж.).
– Ирина Годунова (1557–1603 ж.ж.) — Киев Русінің билеушісі.
– Екатерина де Бурбон (1559–1604 ж.ж.) — Андорра билеушісі.
– Мария Медичи (1575–1642 ж.ж.) — Францияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Зинга Мбанди Нгола (1582–1663 ж.ж.) — Ангола билеушісі (1623–1624 ж.ж.).

Жалғасы бар ...

Ж. Өрісбай