Генри Форд жұмысшыларға демалғаны үшін жалақы төлеген

Генри Форд жұмысшыларға демалғаны үшін жалақы төлеген
Фото: video.pbs.org

Белгілі авто өндіруші Ford компаниясының негізін салған америкалық миллиардер Генри Фордтың зауыттарының бірінде жұмысшылар демалғаны үшін жалақы алған. Олар зауыттағы конвейер істен шыққан жағдайда көмекке келетін бригада құрамындағы мамандар еді. Егер конвейер өз жұмысын сатылы атқарып жатса, арнайы топ тек күзетумен шектеледі. Олар тек конвейердің істен шықпауына жауапты қызметкерлер болған.

Бір қызығы, жұмысшылар зауыттағы демалыс орнында отырған уақыты үшін жалақы алатын болған. Ал конвейерді жөндеуге жұмсалатын уақытқа қаржы төленбеген. Сол үшін де авто инженерлері конвейерді барынша жылдам іске қосып, демалыс бөлмесіне асығатын болған.  

Мұндай кәсіби маркетингтік әдіс зауыттың сапалы әрі жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. Біріншіден, олар өз жұмысын барынша жылдам орындауға әрекет еткен. Себебі қанша уақыт үнемдесе, сонша көп жалақы алатыны белгілі. Екіншіден, зауыт мамандары жөндеу жұмыстарын барынша сапалы орындауға тырысады. Себебі тура сол қателігі үшін қайта-қайта конвейерге шығып, жалақысының қысқарғанын қаламаған. 

Ж. Өрісбай