Өркениетті сақтап қалған инктердің «құпия қаруы»

Өркениетті сақтап қалған инктердің «құпия қаруы»
Фото: mayax.ru

Оңтүстік Америкадағы қазіргі Перу елінің территориясын еншілеген инк өркениеті испан басқыншыларының өрескел айласының әсерінен жойылып кете жаздаған. Дегенмен, инктердің аман қалуына «құпия қару» көмектесіпті.

Испания елінің тарихында ойып тұрып орын алатын Франсиско Писсаро есімді тұлға жаңа жердің өркениетін жойып жіберуге дейін барған. Айта кетсек, испандық конкискадор (жаулап алушы) Панама мен Перуді алуға қатысып, Тынық мұхитының Оңтүстік Америкадағы жағалауын ашады. Сонымен қатар, Батыс Кордильер болып саналатын Анд тауының сілемдерін картаға түсіріп, инктер өркениетін тонау арқылы Испания Корольдігінің қазынасын байытуға септігін тигізеді. Жоспарын орындап, корольдің ықыласына бөленеді.

XVI ғасырда аты аңызға айналған байлыққа толы Эльдорадо (Инктер астанасының испанша атауы) қаласын иемдену – Испанияның басты мақсаты болатын. Писсаро небәрі 180 әскермен бір империяны басып алып, қаланың бар байлығын Испанияға жөнелтуді жоспарлайды. Ол 1532 жылы Анд тауынан өтіп, инктерге жақын жерге уақытша қоныстанады. Сосын инктердің патшасын ортақ келісімге келуге шақырады. Атауальпа есімді инктер басшысы испан отарлаушысының айласын ескермей, бірнеше төлеңгітімен кездесуге барады. Содан кейін Писсаро ешқандай келісім жүргізбей, оны тұтқынға алады. Сөйтіп оның аман қалуы үшін өте көп мөлшерде алтын сұрайды. Қалауын инктер еш бұлжытпай орындаса да, Писсаро үшін бұл аз болатын. Ол қаланың бар байлығын алуға талпынып, Атауальпаны өлтіреді. Басшысыз қалған ел Анд тауының биік бөктеріне қаша жөнеледі. Аңыз бойынша, инктер испан әскерлерінің қаруынан бөлек, жылқылардан қорыққан деседі. Себебі Оңтүстік Америкада жылқы мүлде болмаған. Олар тек XV ғасырда ғана Еуропадан әкелінген.

Мачу-Пикчу қаласы

Аңыз қала Эльдорадоны жаулап алған Франсиско соғыссыз жеңіліп, қашып кеткен 300 мың инк халқын қыспаққа алу арқылы жоймақ болады. Себебі ол небәрі 180 қарулы қолымен тау сілемдерінде соғыса алмайтынын жақсы білетін. Осы кезде таудың биігінде орналасқан инктердің Мачу-Пикчу сынды қалаларына баратын азық-түлік бағыттарын испандықтар жауып тастайды. Дегенмен, испандықтарды ойландырған инктердің «құпия қаруы» олардың аман қалуына негіз болған екен. Инктер тауда өсірілетін дақылдың есебінен өмір сүруді жалғастырыпты. Кивича деп аталатын өнім бүгінде инктердің ұрпағы үшін аса маңызды дақыл болып табылады. 

Ұқсас жазба: 

Құпияға толы Мачу-Пикчу қаласы

Ж. Өрісбай