Қазақстанда білім алғысы келетін шетелдік студенттер енді ҰБТ тапсыруға міндетті

Қазақстанда білім алғысы келетін шетелдік студенттер енді ҰБТ тапсыруға міндетті

Қазақстан Білім және ғылым министрлігінде шетелдік ЖОО студенттерінің қазақстандық университетке ауыспас бұрын бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеуден өтуі міндеттелетін құжат дайындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Ағымдағы жылдан бастап, өзге мемлекеттен отандық ЖОО-ға түсу үшін ұлттық тестілеуді немесе кешенді тестілеуді (жеткілікті балмен) тапсырғанын куәландыратын сертификат талап етілетінін айтқым келеді», - дейді министрліктің бiлiм және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттiң төрағасы Серiк Ирсалиев.
Осылайша білім деңгейі жеткіліксіз студенттердің шетелдік университеттер мен олардың филиалдардан қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндігі жойылатынын айтып өтті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ирсалиев қазақстандық түлектер жаңа форматтағы ҰБТ-ны 2013 жылдан бастап тапсыратынын мәлімдеген болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: tengrinews.kz

А. Құлтай