Алматылық интернет қолданушылардың көрсеткіші

Алматылық интернет қолданушылардың көрсеткіші

TNS Central Asia компаниясы Қазақстанның оңтүстік астанасының интернет-аудиториясын анықтайтын ең алғашқы тесттік зерттеу жүргізді. 

Көптеген басылымдардың айтуынша, бұл тек зерттеу жұмыстарының бастамасы ғана. 12 жастан асқан алматылықтарға жүргізілген тесттік зерттеу әлі де жұмысын жалғастырмақ. Алғашқы зерттеу мынадай нәтижені көрсетуде: 

- 12 және одан жоғары жастағы Алматының 70% тұрғыны интернет қолданады; 

- 18-34 жас аралығындағы қолданушылар 54%-ды құрайды;

 - 65% қолданушылар жоғары және бітпеген жоғары білімді;

- Қолданушылардың арасында жұмыскері мен жұмыссызы 50 де 50;

- Жұмыссыз қолданушылардың ең көбін жұмыссыз оқушылар мен студенттер құрайды (47%);

- 80%-ға жуық қолданушы интернетке үйден, ал 13%-ы жұмыстан кіреді;

- Қолданушылар орта есеппен күнінен 1,5-2,5 сағатын интернетке арнайды;

- Алматылық қолданушылар арасында ең кең таралған браузер - Opera (36%);

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: quorum.kz 

А. Әбілхан