Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Байлар қалай ойлайды?

Байлар қалай ойлайды?

Ертегі өмірдегі байлардың ойлау жүйесі біз ойлағаннан да мүлдем өзгеше. Сенбесеңіз, Стив Сиболдтың "Байлар қалай ойлайды" атты кітабына бір үңіліп қараңызшы. Ең негізгі делінген 15 ерекшелік:

Байлар өзімшілдікті артықшылыққа санайды

Қарапайым адамдар әлемді құтқарғысы келіп, өткелден өзгелерді бірінші өткізгілері келіп тұрады. Ақырында сол қылықтары бай болуға мүмкіндік бермейді. Ал байлар болжаммен алғанда: "Алдымен өзіме көмектесіп алмай, өзгелерге көмектесе алмаймын" дейтін қағидамен өмір сүріп келеді.

Байлар "қозғалыс" ойларға ие

Лотерея билетінің қатарында тұрған бай адамды көре алмасыңыз анық. Ал қарапайым адамдар өздерінің байып кетулеріне өзгелердің көмектескенін қалайды. Мәселен, лотерея, жұбай, дос немесе мемлекет дегендей. Және кедей болып қала бермекші. Керісінше, байлар нақтылы қадамдарға бой ұрып, нақтылы істердің шешіміне уақыттарын жұмсайды.

Байлар нақтылы білім алуға тырысады

Қарапайым адамның сенімі бойынша, байлықтың бастау көзі диплом мен диссертацияда жатыр. Ал байлар болса, іс барысында түйген танымдарын саудаға салу арқылы ақша тауып дағдыланған.

Байлардың арманы болашақ туралы

Бай адамдар бір іс пен соның шешіміне бар уақыттарын шашуға дайын. Ал қарапайым адамдар өткен күннің әлегінде жүріп, көбіне депрессиядан шыға алмай қалып жатады.

Байлар ақшаны логикалық тұрғыда ойлайды

Орта көлемде жақсы білім алған адам ақша туралы эмоциональды ойлап немесе жақсы өмір салтын армандау арқылы ақырында құрулы қақпанға түсіп қалуы мүмкін. Бай адамдар ақшаға логикалық тұрғыда қарап үйренген. Олар ақшаны аспап (инструмент) көзі ретінде қарастырып, арнайы толыққанды мүмкіндіктерді ашуға кепілдік алады.

Байлар өз қызықтарының артынан еріп отырады

Опра Уинфри бір сөзінде: "Тілек-қалауыңның артынан жүріп және жақсы көрген нәрсені ғана жасау керек" - деп айтқан болатын. Бай адамдар өздеріне сүйіспеншілік сыйлайтын істермен ғана айналысып, өмір сүрулеріне ақша табады. Ал қарапайым адамдар өздеріне ұнамаған іспен айналысу арқылы қаржы таппақ.

Байлар ешқашан тоқтап қалмайды...

Қарапайым адамдар түңілістерден қашу үшін, көбіне орта жолда күткенді жөн көреді. Ал бай адамдар, керісінше, өмірден көп нәрсе күтіп және өздерінің керемет мақсаттарын орындауға асығып, талпынады.

Байлар өздері болып қалғысы келеді

Қарапайым адамдар бір нәрсе істеу үшін тез арада бай болып, жақсы жетістік керек деп сенеді. Ал байлар болса, өрістеу жолында өз күштеріне сенімділік танытып, әр жолғы қателіктерінен сабақ алып отырмақ.

Байлар өзгелердің ақшасынан пайда табады

Қарапайым адамдар ақша табу көзін өз ақшаларын көбейтумен ғана ойластырып жүрсе, байлар жағы өзгелердің ақшасын пайдалану арқылы пайда табуға әрекеттенген.

Қарапайым өмір сүретін байлар

Айтар ойдың ойға сыймасы анық, бірақ шын мәнінде бай адамдар байлық көзін мүмкіндіктен аспай ақша жарату деп ойлайды. Ал қарапайым адамдар қолжетімді мүмкіндіктен асып, көбіне қарыз үстіне қарыз жамап жүреді. 

Байлар өз балаларын бай болуға үйретеді

Қарапайым адамдар өз балаларын өмір сүруге үйретсе, керісінше, байлар балаларын ерте жастан-ақ бай болуға, әлемді жоқшылық пен баршылық деп екіге бөлуге тәрбиелейді.

Байлар ақша үшін уайымдамайды

Қарапайым адамдар көп жағдай ақша жетпеу салдарынан стреске ұшырап жатады. Байлар жағы, керісінше, байлықтын тыныштық тауып, бәрін ақша шешеді деп қорқып жатпайды. Өз кезегінде осы ойлары үшін де табыс көздері еселеніп жатады. 

Қарапайым адамдар ақшаға мәңгілік күрес және айтып келмес жамандық деп қарап, өмір бойы шыдас беруге бекінген.

Байлар өз уақыттарын қызық қуғаннан гөрі білім алуға жұмсайды

Қарапайым адамдарда бәрі басқаша. Мектеп пен институтты тәмәмдаған соң, білім жетілдірудің орнына роман оқып, журнал ақтарып, қызық қуып кетеді.

Байлар сыбайлас іздейді

Күнделікті өмірде қарапайым адамдар байларға теріс көзбен қарап, жақтырмай жатады. Байлар жағы да көрсеқызар адамдармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайды.

Байлар табыс көзін табуға дағдыланған

Көбіне қарапайым адамдар ақша жинаймын деп жүріп көп мүмкіндіктерді зая кетіріп алып жатады. Байлар, керісінше, бәріне толық есеп беріп, үлкен ақша табуға мүмкіндік ашады.

 

суреттер:runrun.es; bibo.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

12397 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 29 наурыз 2013, 15:16
Пікірлер
+0
29 наурыз 2013, 16:26

бір жерге түртіп алатын екен, бай болғым келеді :roll:

+0
29 наурыз 2013, 20:01

есте сақтап жүретін екен. бір жерге жазып алайын

+0
29 наурыз 2013, 23:06

қарапайым болғым келет :roll:

+0
30 наурыз 2013, 00:58

солай екенго

+0
30 наурыз 2013, 02:34

Байларды күңдеуге болмайды. Бастысы Адамгершілік болса :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...