Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Blogcamp 2013 мәресіне жетті

Blogcamp 2013 мәресіне жетті

Blogcamp 2013 мәресіне жетті

Кеше, 23 наурыз Шымкент қаласында Blogcamp 2013 басталды. Екі күнге созылатын шараның алғашқы күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің акт залында таңертең сағат 08.30-да блогшыларды тіркеуден басталды. Тіркеуге тұрған блогшылардың саны 152 адамды құрады. Сағат 09.30-да блогшылардың ресми кездесуі басталды. 

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметұлы сөз сөйлеп, қазақ блогшыларына сәттілік тіледі.

Сессиялар басталғанша ОҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге, Керекинфо сайтының әкімгері, блогшы Аршат Оразовқа, "Bilim Media Group" жоба үйлестірушісі Бақытгүл Салықоваға және "Beeline" компаниясының өкілі Динара Мурзабаеваға кіріспе сөз берілді. Блогшыларға сәттілік тілеген Динара: "Жастардың бастаған әр ісіне компания атынан қолдау көрсетуге тырысамыз", - деп ықыласын білдірді.

Түскі үзіліске дейін бес сессияға созылған шеберлік шыңдау дәрісінде қазақ сайттарындағы веб-дизайн және функционал мәселесі, контент мәселесі, сайтпен ақша табу және блог жүргізудегі шетел тәжірбиесі мәселелері туралы кең түрде талқыланды.

Тыңдарман блогшылар да сұрақ қойып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. 

Түскі үзілістен соң стартаптар конкурсы басталды. Стартаптар конкурсында түрлі сайттар таныстырылып, тың идеялар көтерілді. Жеңімпаздарға "Beeline" компаниясынан берілетін 100 000 теңгелік сыйлық ҚазҰУ студенті Амангелді Сейітханға дәстүрлі әндерді дәріптейтін Жауһар сайты үшін, Атырау облысының оқушысы Алтынай Серікбайға Талғам сайты үшін және Елдар Құдайбергеновке Tumble сайты үшін табысталды. Қалған төртінші және бесінші орын иегерлеріне "АppleSin" компаниясы тегін сайт жасап беретіндігін айтып уәде берді.

Кеш соңында құрылтайдың қорытындысы айтылып, шараға белсене ат салысқан блогшыларға алғыс хаттар табысталды. Отырар телеарнасы бірқатар белсенді блогшыларға кішігірім сыйлықтарын ұсынды. Солардың ішінде Массагет порталының редакторы Мейіргүл Оңғарова да бар. 

Шара шымылдығын вице-министр Мұрат Әбенов пен  ОҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жапты. Әлі де блогқұрылтайдың жалғасатынын, шараның екінші күні бейресми түрде "Бәйшешек" демалыс орнында өтетіндігін айтты. 

Еліміздің әр облысынан келген блогшылар мен шекара асып келген қонақтар шара соңында естелік үшін суретке түсті.

Сағат 19.00-де блогшыларға толы 4 автобус Шымкент қаласынан 50 км жерде орналасқан "Бәйшешек" демалыс орнына қарай тартты.

Блогшылар жатақханаға жайғасып болған соң кешкі ас ішіп, алау айнала отырып "Домбыра пати" ұйымдастырды. 

24 наурыз күні спорттық ойындар басталып, ұлдар топ-топқа бөлініп, футбол ойнады.

Сайрам-Өгем ұлттық саябағына кіретін "Бәйшешек" демалыс орнының жоғары жағындағы тауға бет алды. Түстен кейін блогшылар Берік Уәлидің есебінен сыйланған 800 тал кәуабынан ауыз тиіп, бір-біріне "ұйқы ашар" мен "селт еткізер" сыйлап мәз-мейрам болды. Бұл шара да сыйлықсыз қалған жоқ. Кеш соңына таяған шақта ұйымдастырушылар блогшыларды қайта қалаға алып келді. 

Биылғы құрылтайдың бұрынғысынан ерекшелігі жоқ та емес. Еліміздің әр облысынан тың идеялары мен жаңа жобаларын арқалап келген жастардың құлышынысы қуантты. Қазақ блогшыларының жазары көп болғай!

 

Шымкент қаласынан арнайы Массагет порталы үшін: Ақерке Әбілхан

Сурет: фэйсбук пен блогқұрылтайдың ресми сайтынан

3118 9
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 25 наурыз 2013, 09:48
Пікірлер
+0
25 наурыз 2013, 01:38

Амангелдінің ұтқанына шын риза болдым. Алдындағы ҚазҰУ-дағы кездесуде Блогкэмпке барып, стартапқа ұсын деген едім, енді жеңіске жетіп отыр. :) Жалпы бәрі қызық өтіп, пайдалы дүниелер айтылды деп сенемін. Блогкэмп бұл тек білім жию ғана емес, жаңа таныстар тауып, уақытты керемет өткізу. Осылай дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқаны қуантады. ;)

+0
25 наурыз 2013, 02:12

қыздар аман-есен келді )) Қуана берейік ;)

+0
25 наурыз 2013, 08:15

МАссагет блогшылары жарады. Нұрзия сотка ұтып алды. Амангелді 100000 та ұтты. Сания Қуанқызы планшет ұтып алды

+0
25 наурыз 2013, 10:00

Керемет. Қызығып отырмын. Мәләдессіңдер бәрің! Құттықтаймын жеңімпаздарды!

+0
25 наурыз 2013, 10:19

жоғары деңгейде өтті

+0
25 наурыз 2013, 11:55

барлығын құттықтаймын!!!

+0
25 наурыз 2013, 15:55

анаааау отырған мен :)

+0
26 наурыз 2013, 08:23

Жалпы тіркелгендер саны 180 адам сайт арқылы тіркелгендердің 152 сі келді.

+0
26 наурыз 2013, 22:42

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! ЖАРАЙСЫҢДАР!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...