Harlem Shake билеген қарағандылық студенттер оқудан шығарылды

Harlem Shake билеген қарағандылық студенттер оқудан шығарылды

Қарағанды техникалық университетінің бірінші курс студенттері ғаламторда танымал болған Harlem Shake ролигінің өзіндік нұсқасын жасағандары үшін жазасын тартты. 

Ақпарат көздеріне сенер болсақ, студенттер университет залдарының біріне жиналып, Harlem Shake стилінде видео түсірген. Бірақ, видео ғаламтордан алынып тасталған. Бишілердің мұндай қылығын университеттегі тәртіп комиссиясы қарастырған, нәтижесінде екі студент - ұйымдастырушы мен монтажер оқудан шығарылған.

Студенттердің оқудан шығарылуының басты себептерінің бірі - түсірілімге таңдалған жердің сәтсіз болуы. "Harlem Shake"-ті түсіруге студенттер демалыс бөлмесін таңдаған екен, бұл бөлмеде қымбат жиһаз мен патриоттық стенд болған көрінеді. Жап-жаңа үстел үстіне аяқ киімін шешпестен мініп алған жастар адам түсінбес қимылдар жасаған. 

Тәртіп комиссиясына аталған видео айтарлықтай кері әсер еткен. Ал профессорлар өз кезегінде бірінші курс студенттері "білім ошағын" қорлады деп есептейді және бишілерді оқудан шығару керектігін ұсынған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: voxxi.com

Қ. Қауымбек