Теңіз тасбақалары 20 жылдан соң жойылып кетуі мүмкін

Теңіз тасбақалары 20 жылдан соң жойылып кетуі мүмкін

АҚШ жағалауында соңғы жылдары теңіз тасбақаларының саны 78%-ға азайып кеткен. Зерттеушілер: "Егер де теңіз жәндіктері дәл осындай қарқынмен жойыла берсе, оларға алдағы 20 жылда толықтай құрып кету қаупі төніп тұр" деп дабыл қағып отыр. 

Бұндай тасбақалардың ұзындығы 20 метрге дейін жетеді екен. Олар барлық тропикалық белдеудегі теңіздерде өмір сүреді. Негізінен олар АҚШ-тан Индонезияға Тынық мұхиты арқылы жүзіп өтіп, сол жерлерде жұмыртқа салып, көбейеді.  

Ғалымдардың пайымдауынша, жәндіктердің осы бір түрі 100 миллион жылдан бері ешқандай өзгеріске ұшырамай өмір сүріп келе жатыр екен. Бірақ, өкінішке орай, соңғы жасалған санақ есептері оларға қайтадан қалыпқа келе алмайтындай қауіп төніп тұрғанын айқындап берді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: cameldive.ru

Б. Қосмағамбет