Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп

Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп

Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп

Шет тілдердің арасында ағылшын тілі баяғыда-ақ алғашқы орынды иеленді. Бұл әлемдік тілде миллиондаған адамдар сөйлейді. Ағылшын тілі қазірде кез келген салада қолданылады. Бизнес, туризм, ғылым, білім беру жүйесі, интернет, кинемотограф... Сізге де осы тілді білген артық болмайды.

Ағылшын тілінің сізге қажеттілігі жайлы әлі де күмәндансаңыз, мына 10 себепті оқып, оны білудегі артықшылықтармен таныс болыңыздар.

  1. Еңбек нарығындағы "бағаңыздың" өсуі. Қазір жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір шетелдік компанияларда бұл тіпті талап ретінде қарастырылады. Жақсы жұмыс иегері боламын десеңіз, қазірден бастап ағылшын тілін үйреніңіз.
  2. Ми жаттығуы. Шет тілін игеру - миға деген керемет жаттығу. Ақпарат ғасырында адамға жақсы ес, жаңа ойлар қажет. Ол үшін мидың жақсы жұмысы артық болмайды.
  3. Аудармасыз-ақ шет ел киноларын қарау. Кабельді телеканалдардан көптеген елдердің бағдарламаларын, киноларын ағылшынша көре аласыздар. Тек өз еліңіздің ақпаратымен ғана емес, әлемдік жаңалықтардан, мәдениеттен хабардар боласыз. Аудармасыз фильм қарау арқылы оны тереңірек түсініп, көбірек әсер ала аласыз.
  4. Шет ел музыкасын тыңдау. Сөзсіз ағылшын тіліндегі классикалық та, заманауи туындылар да әлемдік танымалдыққа ие. Сүйікті әншіңіз не жайлы ән айтып жатқанын түсіну арқылы оның шығармашылығын толықтай бағалай аласыз.
  5. Шет елде демалыста жергілікті тұрғындармен тілдесе алу. Шет елдің қайсысына барсаңыз да, ағылшын тілі қолданыста болады. Адамдарды түсініп, сол елдің тұрмысы жайлы көбірек ақпарат, ал демалысыңыздан көбірек әсер ала аласыз. Таныс емес жерден жоғалмай, керек жерді таба аласыз.
  6. Ағылшын тілдегі әдебиет оқу. Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып жүрсіз. Алайда оның түпнұсқасын ағылшын тілінде оқығанға не жетсін? Сіздің мамандығыңыз бойынша әдебиет тек ағылшынша шығып, орысша, қазақшаға аударылғанша бір-екі жыл өтеді делік. Өз салаңыздағы жаңалықтардан қалмай, онымен уақытылы танысып отыру үшін сізге бар керегі - ағылшын тілін білу. Арнайы бір салаға маманданған сайттар да көбінде ағылшынша. Демек ағылшын тілін білу арқылы қажет ақпаратты ала аласыз.
  7. Ортаңыздың өсуі. Ағылшын тілді форумдар мен сайттарда жүріп, талай жаңа адамдармен танысуға болады. Олармен ағылшынша тілдесіп, өз біліміңіз бен тіл ерекшеліктерін жақсарта аласыздар.
  8. Жаңа қызығушылық табу. Әр адамның өзіне тән қызығушылықтары бар. Ол өміріне қызық сәттер қосып, оны күнделікті істерден алаңдатады. Сіз үшін бұл хобби - тіл үйрену болсын. 
  9. Қосымша табыс көзі. Ағылшын тілін жақсы игерсеңіз, тек өз жұмысыңызда ғана сәттілікке жетіп қоймай, басқа да табыс көздерін таба аласыз. Мысалға реферат, диплом жұмыстары, арнайы әдебиетті аудару жақсы табыс әкеле алады.
  10. Қосымша мүмкіндіктер. Шет тілін білу сізге қосымша мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға шет елге барып келу және басқа да тосын мүмкіндіктер пайда болуы әбден мүмкін.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lider.by

7255 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 ақпан 2013, 18:43
Тегтер: ағылшын, english online,
Пікірлер
+0
19 ақпан 2013, 18:25

Менің жағдайымда: магистратураға түсу мүмкіндігі :roll:

+0
19 ақпан 2013, 18:48

Ағылшын тілін үйрену арқылы жоғарыдағы 10 себептің барлығын да басымнан өткерген ақытты жандардың бірімін. 20 жасымда қолға алып, үйрендім. Қазір қызығын көріп отырмын.
Жастарға айтарым - ағылшын тіліні жақсы мүмкіндіктерін пайдаланыңдар. Рухани да, материалды да байисыңдар.
Алып қосарым бар:
11 себеп: Ағылшын тілін үйрену барысында өз ана тіліңе деген құрметің артады. Тексерілген!

+0
20 ақпан 2013, 09:28

durys aitasyz :)

+0
19 ақпан 2013, 19:19

я 1 тил билсен 1 адам 2 тил билесен 2 адам жаксыго тил билген ;)

+0
19 ақпан 2013, 19:59

Knowledge is a power!!!!!!

+0
19 ақпан 2013, 21:22

yes, of course)

+0
19 ақпан 2013, 21:56

Эх, үйренгім-ақ келеді... :(

+0
19 ақпан 2013, 22:34

9 дан кейін 0 болатынын енді біліп жүрем :lol:

+0
19 ақпан 2013, 23:01

келесі жылы нулевойға түсетініңді де ма :lol: :lol:

+0
19 ақпан 2013, 23:05

тфә тфә 3пен 4те аса қиналмайтын болдым) 5шіні енді бастап келе жатырмын))

+0
19 ақпан 2013, 23:22

ағылшын мен корей тілін үйреніп жүрмін қазір ағылшын тілін бастадым 1 аптадай болды

+0
20 ақпан 2013, 12:01

Сәтілік!

+0
20 ақпан 2013, 00:23

ағылшын тілін қатты үйренгім келіп жүр. арнайы курсқа бармай-ақ үйде словарь жаттап, интернетпен дайындалып жақсы түсініп кету мүмкін бе екен?

+0
20 ақпан 2013, 09:30

menin oiymsha tyrysyp koruge bolady,myna usynysty karap korseniz durys siaky -http://www.chocolife.me/7852

+0
20 ақпан 2013, 12:01

басқалармен ағылшынша сөйлесу керек.

+0
20 ақпан 2013, 19:19

агылшын тилин 5ши пан ретинде тандар жатырмын...) Алла буйырса окуга тусип кетсем керемет агылшын маманы болып шыгармын!)

+0
21 ақпан 2013, 13:08

Ай осыны түсінбей жүрмін ғой мен (((

+0
24 ақпан 2013, 04:13

Айтөре рахмет қолым босағанда қарап шығамын

+0
25 ақпан 2013, 23:51

міндетті түрде үйренемін/ :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...