Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Уақытпен өмір сүру құпиясы

Уақытпен өмір сүру құпиясы

Уақытпен өмір сүру құпиясы

Болашаққа бағдар жасай отырып, сізді рахат сезімге бөлейтін жоспарларды қосыңыз

Біздер көбіне жоспар жасағанда бір нәрсені ұмыт қалдырамыз. "Маңызды" істердің көпшілігі қуаныш әкеле бермейтінін аңғармаймыз. Содан да болар, уақыт өте келе жүзеге асатын жоспарлар көпшілігімізді қайран қалдырып жатады. Таңғалуға уақыт жоқ. Сондықтан қазірден бастап жұмысқа қатысты тізімдердің қатарына жеке өміріңізге қатысты жоспарларды енгізуге тырысыңыз.

Уақытты ақшамен өлшеуге бола ма?

Үнемі асығыс пен қарбалас үстінде жүретін адамдар уақыттың аздық ететінін айтып, шағымданады. Шындығында, бәрі де өзіңіздің қалай ойлағаныңызға байланысты.

Уақыттан озып кетудің қызық бір тәсілі - басыңыздағы жұмыстарды бір сәтке ысыра тұрып, өзгелерге көңіл бөлу.

Соңғы уақытта жүргізілген төрт зерттеудің қорытындысы бір тұжырымға келіп тірелді: еш нәрсеге үлгере алмай жатсаңыз... Өзгелердің проблемасын шешуге ат салысып көріңіз.

"Уақыттың ақша" тұратынына сенесіз бе? Алдын ала құттықтап қояйын, сіз де өз-өзіңізді торға түсіріп отырсыз. Уақытты ақша табумен ғана қарастыратын адамдар бос сәттің рахатын сезіне алмайтын болып шықты.

Зеттеу қорытындысы анықтағандай, табыс көзін алып келмейтін жұмыстар уақытқа ақша деп қарайтын адамдарға қолайсыздық сыйлайтын көрінеді. Мұндай адамдар бос уақыттың қадір-қасиетін түсінуден қалған-ды.

Уақытыңызды тиімділікке құрыңыз

Қанша уақытым қалды екен деп уайымдамай-ақ қойыңыз. Ең дұрысы, уақытты оңтайлы жұмсау керектігіне көңіл бөлсеңіз болғаны.

Шаршадыңыз ба? Психологтардың ұйғарымы бойынша, дәл осындай уақытта шығармашылық жұмысқа кірісу керек.

Мысалы, Марк Биман мен Джон Куниос сынды зерттеушілер серпілуге таңертеңгілік уақыттың ең тиімді екенін атап көрсетеді. Иә, ұйқыдан тұрған адамның басына күтпеген жерден керемет идеялар кеп тұрады. Бірақ, бір қиындық: біздер көбінесе ертеңгілік уақытта абыр-сабыр болып, бір жаққа асығып жатамыз ғой. Оған да қарсы бір амал бар: оятқышты бір сағатқа ерте қою. Сол уақытта асықпай-аптықпай алдағы жоспарларды реттеуге мүмкіндік тумақ.

Сіз бәрінен бұрын адамсыз ғой?! Жұмыс істеуге зауқыңыз соқпай отырған күннің өзінде жұмысты бітіруге тырысыңыз.

Уақыт сізді қалыптастырады

Кез келген салада жұмыс істеуге кеткен 10 мың сағат сізді сол саланың білгір мамамына айналдыра алады.

Әр салада жетістікке жеткен адамдардың өмір деректерін ақтарған зерттеушілер бір қорытындыға келіп отыр: адамға жоғары деңгейдегі білікті қалыптастыру үшін 10 жыл кететін болып шықты.

Сонымен қатар компьютер алдында көп сағаттарын жоғалтатын адамдар кейбір біліктерінен айырылып қалуы мүмкін. Тағы да зерттеу қорытындысына сүйене кетсек, мұндай адамдар дипломатиялық және сауда-саттық мәселесінде көбіне жетістікке жете алмақ емес.

Экран алдында өткізілген көп уақыт адамның нейронды жүйесіне әсер етіп, нәтижесінде адамдармен, сыртқы ортамен қарым-қатынас қабілеті төмендеп кетпек. Және смс жазудың майталманына айналған жандар өзгелердің көңіл-күйін сезінуде олақ болып шықпақ.

Өмір суреті

Бизнесмен Рэй Авериннің ойынша, өмірді қалыпқа келтіру тіпті де қиын емес екен: "Сіз өмірге келгенде алдыңызда 30 000 күн болады. Бұл сіздің арқа сүйер жалғыз мүмкіндігіңіз. Осы туралы ойланыңыз", - дейді.

Бүгінгі таңда Аверин 65 жаста. Өзінің  есептеуі бойынша, өмір сүретін 5 625 күні қалыпты және "өмірді артқа айналдыру арқылы" тіршілік құра беретіне әбден сенімді.

Алдағыны ойлап қана қоюға болмас. Уақыт өткен сайын артыңызға үңіліп отырыңыз.

Сіздің миыңыз - компьютер емес. Сіздің есіңізде не қалды және шын мәнінде не болды - екеуі екі нәрсе. Сіздің жадыңыз өткен күннің естеліктерін безендіріп қоюға әуес келеді. Тәтті естеліктер - жақсы өмір сүруіңізге жалғыз себептердің бірі.

Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман өзінің психологияға арналған көп жұмыстарының бірінде адам миы өтіп кеткен оқиға ішінен екі-ақ сәтті жақсы сақтайтынын айтады: эмоциялық жанталас пен финал.

Ендеше, бұл ақпараттарды қалай қолданса тиімді болмақ?

Бір күніңізді есте қаларлықтай етіп өткізіңіз және бір күннің соңы жақсы көңіл-күймен аяқталсын.

Өткен күн мен болашақты ойлауға аз-маз уақыт жұмсаңыз - сонда барып сіздің өміріңіз мағына мен жағымды болжамға толы болады.

сурет:oddee.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

9089 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 10:58
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 10:11

Уақыт пен ақша турасында. Жалпы ақшаны қанша тапсаң да, жетпейді. Және бұл нәрсе меніңше... Меніңше... Уақытша бір ләззаттардың бірі. Сондықтан "Уақытты ақша табумен ғана қарастыратын адамдар бос сәттің рахатын сезіне алмайтын болып шықты" дегеннің жаны бар.

+0
12 ақпан 2013, 18:37

иә дұрыс айтасын ақша ақша деп уақыттын кобін еңбекке жұмсайды. ол да дұрыс шығар ақшасыз ештене де бітпейді жақсы өмір сүру үшін ақша керек-ақ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...