Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда!

Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда!

Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда!

ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді. 

I. Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

  Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан!

Мамандық таңдай алмау проблемасына келіп тоқталсаң, өзіңе мынадай сұрақтарға жауап беруге тырыс:

1. Маған немен айналысқан ұнайды?

2. Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет: Не істеп жүргеніңді... Қандай іс атқарып жатқаныңды... Атқарып жатқан жұмысың өзіңе ұнай ма? Жұмысың өзіңе немесе айналадағы адамдарға пайдасы бар ма? Осы сұрақтарға мұқият ойлан

Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.

II. Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса.

ҰБТ бойынша мамандықтар тізімін ашып, бесінші пәнді есепке ала отырып қалаған мамандықтар тізімін жазып ал.

III. Таңдаған мамандықтар бойынша гранқа түсу өту баллдарын анықта.

Ол үшін 2011 жылғы грант тағайындау конкрусының нәтижелерін көр.

ҰБТ бойынша гранқа түсу баллдарын қалай анықтауға болады?:

1. 2011 жылғы грантқа түсу өту баллдарын жүкте.

2. Егер күндізгі бөлімде оқымақ болсаң "күндізгі бөлім" доументін аш.
Дәл сол тізімде жеңілдертері болмаған (Алтын Белгі иегерлері, олимпиада жеңімпаздары, спорт жарыстарының жеңімпаздары еместер) талапкерлердің өту баллдары көрсетілген. Сондықтан осы баллдарға қарап бір түйінге кел.

3. CNTRL+F функциясын қолданып қызықтырған мамандығыңды оңай тап.

Өз кестеңе қызықтырған мамандық бойынша ең миниалды және мақсималды өту баллдарын жазып ал.

Назар аударыңыз: 

1. Әрбір мамандық қазақ және орыс бөлімдеріне бөлінеді сондықтан тілдік бөлімдер бойынша өту баллы өзгеше болуы мүмкін. Грант тілдік бөлімге сәйкес тағайындалады сол себепті де оқымақ болған тілдік бөлім бойынша өту баллдарын жазып ал.

2. Бір мамандық бойынша әр университетте әртүрлі өту балдары болуы мүмкін! Негізі өту балдарын барлық оқу орындарына бірдей қылып береді. Дегенмен өту балы жеке ЖОО бойынша берілуі де ықтимал. Ал егер де Қай ЖОО түсетініңді анықтап қойсаң және сол университетке жеке өту балдары көрсетілген болса, дәл сол балдарды жазып ал.

IV. Түйін шығар!

Міне енді жасаған кестеңнің пайдасы тиетін болады!

Грантқа түсу ықтималдығына талдау жасаңыз!

Енді сен грантқа түсу үшін ҰБТ байқау сынақтарында қанша балл алу керектігін білесің! Қолыңда карта болғанда қайда бару керегін жеңіл табуға болады.

Грантқа өтініш жазу барысында саған 4 мамандық таңдау мүмкіндігі беріледі. Қазірден бастап сол 4 мамандықты анықтап алуға тырыс.

1. Бірінші, жаныңа ең жақын мамандықты жаз. Ойыңдағы мамандық талап етілетін балдар байқау сынақтарында алған балдарыңнан жоғары болады.

2. Екінші, маңыздырақ болған мамандықты таңда,  бірақ мамандықтың минималды өту баллы сенің балыңмен бірдей немесе сәл төмен болсын. 

3. Үшінші, бұл тізімге 100 пайыз түсетін мамандықты жазуға тырыс. Сенің баладарың минималды өту балынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

4. Төртінші, соңғы мамандықты үшінші тізім принципі бойынша таңда.  

Егер сенде ауыл квотасын иелену құқығы бар болса, онда 3 және 4 тізімдегі мамандықтарды ауыл квотасы тізімінен таңда.

Минималды өту баллынан ҰБТ нәтижең жоғары болғаны сенің грантқа түсу мүмкіндігіңді арттырады.

Ал егер де "Алтын белгі" иегері болсаң, онда сенде қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ең алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында конкурсқа түседі.

Егер сен ҰБТ емтиханынан  төмен балл алған болсаң, радиотехника, электроника және телекоммуникация секілді жоғары бәсекелестігі бар мамандықтарды таңдамағаның лазым. Ең дұрысы Құрылыс секілді грант көп бөлінетін мамандыққа тапсырғаның жөн.

V. Өзіңнің қалаған мамандығыңа жететін балл жинамағанша дайындал, ҰБТ сынақ тесттерін жаса....

Сәттілік!

Форумда талқылау

Сурет college-pokrovsk.ru сайтынан алынған
 


27847 11
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 29 ақпан 2012, 17:00
Пікірлер
+0
29 ақпан 2012, 19:20

бастысы - халыққа пайдаң тиетін мамандықты таңдағаның жөн ғой! Әрине, оны жүрегің қаласа...
жас талапкерлерге сәттілік тілеймін!

+0
29 ақпан 2012, 19:35

Меніңше барлық мамандықтың халыққа пайдасы бар.

+0
01 наурыз 2012, 01:07

Саясаткерлердің халыққа пайдасы жоқ))))))

+0
01 наурыз 2012, 03:11

стеротип деген осы ғой, енді түсініп келем осы сөзді...

+0
01 наурыз 2012, 09:38

Халық қандай болса, саясатта сондай болады.

+0
01 наурыз 2012, 13:11

жоқ! керісінше!

+0
02 наурыз 2012, 14:24

көп жағдайда бесінші пән таңдау жақсы оқитын сабағыңды таңдауға немесе физика және биология таңдауға келіп тіреледі. ең дұрысы бір жыл өткізіп барып түскен дұрыс сияқты оқуға меніңше, бірақ қайдам бізде gap year алып, бір жыл уақытыңды пайдамен өткізу қолданыста жоқ нәрсе. мектеп жылдарынан соң өткізген бір жылда өмірге деген көзқарас біршама өзгереді. білімі жетіп жатса, gap year алмай-ақ келесі жылы ұбт қайтадан тапсырып оқуға шын қалайтын мамандығыңа түсуге де болады.

+0
03 наурыз 2012, 00:59

Dana өте орынды айттың бірақ қазеккеңдерде оқуға мектеп бітірген соң сразу түспесе бүкіл туысқаны баланың әкешешесі талап тармап жеп қояды, настоящий позор болады ғой

+0
03 наурыз 2012, 21:28

men byil 11-sinipti bitirushi kizbin,ani-mini dep jurip UBT-gada az uakit kaldi, jogarida aytilgan oilar men ushin ulken akil-kenes boldi raxmet sizderge,,,dal kazirgi armanimda maksatimda JOO-na grantka tusip,elime oz paydamdi tygizetindey azamatwa bolip oz mamandigim boyinwa jumis isteu .Allah ozin jar bola gor Barwamizga!!!>

+0
04 наурыз 2012, 00:45

Алия, ал1 ак студент атанасын....буйыртса!!!

+0
08 наурыз 2012, 13:58

дурыс айтып жатырсыздар! ар адам баласы озинин болашак мамандыгын озинин журегинин калауымен тандау кажет! жане кателеспеу керек!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...