Оңбағанға ғашық болсаңыз...

Оңбағанға ғашық болсаңыз...

Мың рет куә болған сәт: жас жігіт өзінің сол қызға тұрақты еместігін айтып, шағымданып жатады және уақытының көп бөлігінде табан жалтыратса да, әлгі қызға асығады да тұрады. Немесе керісінше, оңбағанмен айырылыса алмайтын қыз - құрбандық. Қай жағдайда болмасын, ерте ме, әлде кеш пе, осы бір жағдай дос-жарандар мен жақын-туыстардың мазасын алып, ақыр аяғында олар да "бақытсыз құрбандықтың" жай ғана азаптанғысы келіп жүргенін түсініп, күмәндана бастайды.

Бұған ғылымның өз жауабы бар.

Клиникалық психиатриялық аурухананың профессоры Ричард Фридманның ойынша, адамның төзіп болмас серікке қайта-қайта жол тарта беруінде "санадан тыс азаптану тілегі" жатқан жоқ. Ғалымның анық сенімі бойынша, қайткен жағдайда мидың "жүлде" алатындығында...

Бұлқан-талқан болған серігі "жүлдені" кездейсоқ береді де, нәтижесінде мидың құдіреті арқасында аса күшті, әрі тартымды болып қабылданады.

Бұзылған махаббат

Өз ой-пікірінің қаншалықты жөн екенін анықтау үшін Фридман тәжірибелерге жүгінеді. Тәжірибеде жүлденің ғаламат, ғаламат емес екендігін анықтау тұр.

Бірнеше сағат, содан соң әр он секунд сайын табиғи шырын мен су алып тұрған сынаққа қатысушылардың ми томографиясы түсірілген. Анықталғандай, күтпеген олжа ми қызметінің құмарлыққа жауап беретін бөлігінің қарқынды жұмыс істеуіне ұласқан.

Сынақтағы табиғи шырын секілді махаббат пен құштарлық ми қызметін қарқынды жандандырып, ынталандырудың ақырында сүйсінушілікті шақыратын дофамин затын бөліп шығарады. Және мидың аталған бөлігі қоғамды тануда үлкен рөл ойнайтын болып шықты.

Ғалымдар ғашық адамдардың ми қызметі қарқынды дамуда деп сендіреді. Оған осы іспетті сынақтар негіз бола алады екен. Ғалымдар махаббатта жаман жолға түспеуді ескертеді. Шын махаббат адамды ұшпаққа шығарып, түсінік-пайымды өсіре алмақ.

Сіздің досыңыз өзінің тұрақсыз махаббатын айтып, шағым жасап жатса - шын мәнінде досыңыз азаптанып жүргісі келмек емес. Оның бәрі мидың ащы қалжыңы...

 

сурет:victoriarossi.livejournal.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига