Қазақстанда үздік оқытушының жалақысы екі есеге артады

Қазақстанда үздік оқытушының жалақысы екі есеге артады

Енді Қазақстанда үздік оқытушының жалақысы екі есеге артады. Бірақ бұл жалақы біліктілікті көтерудің жаңа жүйесінен жоғары көрсеткішке қол жеткізген мұғалімдерге ғана берілмек.  Осы туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

«Біз жалақы мөлшерін оқыту әдісі мен білім беру қызметінің сапалығына байланысты етіп жасадық. Білетіндеріңіздей 2012 жылдың шілде айында оқытушылардың жалақыларын 30 пайызға көтерген болатынбыз. Ал енді ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы олардың кәсіби қызметіне байланысты болмақ. Қазір біліктілікті көтерудің жаңа жүйесі енгізілді және осы жүйемен біліктілігін көтерген оқытушылар да бар», - дейді Бақытжан Жұмағұлов.

Министрдің мәлімдеуінше, егер оқытушы үшінші деңгейді алса, оның жалақысы 30 пайызға, екінші деңгейде – 70 және бірінші деңгейде – 100 пайызға көтеріледі.

Айта кетсек, 2015 жылға дейін пайызбен айтқанда барлық оқытушылардың 45 пайызын қайта дайындау жоспарланып отыр.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: aktobe.enbek.gov.kz

Ж. FM