Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тіл үйренуге көмекші сайттар

Тіл үйренуге көмекші сайттар

Тіл үйренуге көмекші сайттар

Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін білімпаздарға арнап түрлі ғаламтор жобалары дүниеге келіп жатыр. Бүгін сіздерге шет тілдерін үйренуге арналған тегін, әрі қолайлы сайттарды таныстырмақшымыз.

  • LanguageGuide - LanguageGuide 13 түрлі әлем тілдерінің ең көп қолданылатын тұрмыстық сөздерін суреттері, аудио нұсқалары, өзге де атаулары арқылы оқушысына түсіндіретін сайт. Аталған жоба АҚШ TED лекциялары(Ted Talks), АҚШ сымсыз теле-радио корпорациясы(Аmerican Radio Broadcasts), Уикипедия ұйымы бірлесе қолға алып отыр. Сайтқа Ted.com арқылы өтіп, өзіңіз қоспақшы болған тіліңіздің мәтіндік және аудио нұсқаларын бере аласыз. Сайтқа әліде көптеген тілдер қосылу үстінде.

Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз. Қазір сайтта бар тілдер:

English(Ағылшын) - Français(Француз) - Español(Испан) - Deutsch(Неміс) - Nederlands(Нидерланд) - Português(Португал) - Русский(Орыс) -Italiano(Италиян) - Polska(Полша) - Čeština(Чешск) - Ελληνικά(Грек) - Türkçe(Түрік) - عربي(Араб) - (Парсы)فارسی - 简体中文(Қытай) - 繁體中文(Қытай) - 日本語(Жапон) - 한국어(Корей) - ไทย(Тайланд) - Indonesian(Индонезия)

Төменде осы тектес тіл үйренуге, әсіресе, ағылшын тілін үйренуге арналған тегін ресурстардың тізімін жасай кетуді жөн көрдік:

  1. Elllo – сіздің тыңдау қаблетіңізді арттырауға көмектеседі. Түрлі тақырыптарда, мысалы: спорт, саяхат, ойын т.б. Әлемнің әр түкпірінен келгендермен сөйлесе аласыз, жүктеп алуға да мүмкіндігіңіз бар.
  2. Fun Easy English – Қызықты Ағылшын тілі осы тілге байланысты білімдерді бір арнаға тоғыстырған. Грамматика, мақал-мәсел т.б.
  3. Lang-8 – сіз жазыңыз, сіз өз ана тіліңізді де жазып үйренгенсіз.
  4. Busuu -  сіз үйренуге бел байлаған тілдер арасында Busuu сабақтары бар ма? Онда сіз көп дүниеден ұтасыз. Бұл сайттан жазу, оқу, тыңдау машықтарының бәрін табасыз. Онлайн сабақтар арқылы осындай топтарға кіріп, адамдармен тікелей сөйлесе аласыз.
  5. The Livemocha – арнайы бағыттағы, арнайы жобалар.
  6. BBC Learning English – ағылшын тілінің грамматикасынан тартып, сөздер, дыбыстаулардың барлығын бір сайт арқылы жүзеге асыруға болады.

Әрине, осы сайттарға кірсеңіз болды сіз ағылшынша сөйлеп шығасыз дегеннен аулақпыз, бірақ, тіл үйренуге бел буып, бағыт алған кісіге кей  құралдардың кемдік етіпесін деп, қажетіне жарасын деп отырмыз.

Маман пікірі

Бақытгүл ОрынбасарқызыBilim Media Group Жоба үйлестірушісі, bilimpaz.kz сайтының жүргізушісі

Ағылшын тілін  үйренушілерге арналған кеңестер өте көп, интернетте іздесеңіз толып жатқан сайттар мен ресурстардан аяқ алып жүре алмайсыз. Дегенмен олар қаншалықты пайдалы, сапасы жоғары ма, тиімді ме деген сұрақтар көпшілікті мазалайтыны сөзсіз. Сондықтан сіздерге өзіме ұнайтын, өзім қолданатын бір-екі ресурсты айтып өтейін.

Бірінші орында ВВС-дің ағылшын тілін үйрететін ресурстары тұр: мына жерде

 

Бұл жерде қажет нәрсенің бәрін таба аласыз, бірақ ол тілді үйренуді енді бастаған адамдарға арналмаған. Кем дегенде бастауыш деңгейді меңгерген болуыңыз керек. Бұл ресурсты ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдер өз жұмысында қолданса өте жақсы көмекші құрал болады деп есептеймін.

Барлық материалдардың аудио және электронды нұсқалары бар, өз бетінше оқитындар электронды нұсқасы мен тыңдалымды қатар алып жаттықса да жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар, материалдарды өз компьютеріңізге жүктеп алуға болады. Содан соң қалаған уақытыңызда, қалаған жеріңізде оқып, тыңдап жаттыға беруіңізге болады.

Мұғалімдерге арналған бөлігінде сіз сабақ жоспарларын, қосымша материалдарды жүктеп алып күнделікті жұмысыңызда жоспарыңызға сәйкес қолдана аласыз.

Ағылшын тілімен қатар басқа да тілдерді оқығыңыз келсе, онда мынау көмекке келеді. Бұл ресурс сізге француз, неміс, грек, италиян, испан, қытай тілдерімен қоса тағы да 33 тілді үйренуге мүмкіндік береді.

Мен тек француз тілінің сабақтарын тыңдап көргендіктен, басқаларының сапасы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Егер француз тілін таңдасаңыз бастауыш деңгейден бастап жаттығуға мүмкіндік беретін түрлі аудио, видео материалдар бар.

Келесі ресурс: www.livemocha.com деп аталады. Бұл ресурс тілді өз бетімен оқығысы келетіндерге таптырмайтын мүмкіншілік деп ойлаймын. Бірақ ең бастысы сіздің өзіңізге деген сеніміңіз мықты болуы керек, сонымен қатар бастаған істі орта жолда тастап кетпей, аяғына дейін барлық сабақтарды өтіп шықсаңыз нәтижеге қол жеткізетініңіз сөзсіз.

Әр сабақ төменде көрсетілген бөліктерден тұрады:

 

Әр бөлікті қалдырмай толық орындап шығу шарт (әрине ешкім міндеттемейді, бірақ нәтижеге жетемін десеңіз бәрін орындау керек). Әр бөлікті орындағаннан кейін нәтижеңізді көрсетеді және қандай қате жібергеніңізді де көруіңізге болады. Бір сабақты толық орындағаннан кейін осы сабақты неше пайызға орындағаныңыздың нәтижесін көрсетеді. Сабақ барысында сіз жазба жұмыстарын орындайсыз және берілген тапсырманың аудиосын да жаза аласыз, сонан соң орындалған тапсырмаларды бағалау үшін достарыңыызға немесе осы тілді үйрете аламын, кеңес бере аламын деген кез келген адамға хабар бере аласыз. Олар сізге өз пікірін жазып жібереді.

Сайттың мүмкіншіліктері өте көп, тіркеліп тіл үйреніп жатсаңыздар сіздерге ұнайды деп ойлаймын.

Қорыта айтсам: менің айтарым маған дейін айтып кеткен білімді де танымал адамдардың айтқандарынан еш айырмашылығы жоқ: оқы, тыңда, қайтала, жаз, сөйле, тағы да оқы, қайтала т.с.с.

Сөзімді белгілі аудармашы Като Ломбтың «Мен тілдерді қалай үйренемін» атты  кітабында жазылған оймен аяқтасам: «Шет тілі қамал сияқты, оны бір сәтте жан-жақтан шабуыл жасау арқылы ғана ала аласың: газет оқы, радио тыңда, көркем фильм көр, шет тілінде дәрістер тыңда, оқулықпен жұмыс істе, хат алмас, тіл білетін адамдармен кездес, әңгімелес т.с.с.»  

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sovetbl.ru

23227 0
Рейтинг: +9

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 15:18
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 16:09

Тамаша, өте жақсы. Қыртымбақай жаңалықтардан осыдай дүниелер әлде қайда бағалы, құнды. Жарайсыңдар!

+0
21 қаңтар 2013, 16:10

Бәрін сақтап алдым. Кейін асықпай көрем ғой.

+1
21 қаңтар 2013, 16:15

Мына материалдарды барлық қазақ жастары біліп алса ғой, шіркін!

+0
21 қаңтар 2013, 16:52

Керемет, өте қажет ақпарат!!!

+0
21 қаңтар 2013, 17:06

LanguageGuide деген күшті екен бәрінен де, жинақы әрі түсінікті.

+0
21 қаңтар 2013, 17:38

маған арнайы мұғалім болмаса, мындайларға бағынбайды екем ))

+0
21 қаңтар 2013, 17:49

Рақмеееет саған Массс-сааа-гееет! Еңбектерің жана берсін!

+0
21 қаңтар 2013, 18:02

стади.ру форевер)

+0
21 қаңтар 2013, 19:08

мәссаған массагет :D

+0
24 қаңтар 2013, 13:36

Рахмет Мейіржан. Алла разы болсын

+0
10 сәуір, 01:01

Алла разы болсын баршамыздың зейініміз ашылсын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...