Дауысымызды таспадан естігенде неге тыжырынамыз?

Дауысымызды таспадан естігенде неге тыжырынамыз?

Көптеген адам (оның ішінде біз де бармыз) өз дауысын естіген бетте тыжырынып шыға келеді. Алғашында тіпті өз дауысы екеніне сенбейді, дауысы өзіне ұнамайтынын айтып та қалып жатады. Құтырынған, тыжырынған, қақырынған, сорақы дауысты қалай өзінікі десін?!

Бірақ, таспаға басылған дауыстың өзінікі екені даусыз. Және сол дауысын сыртқы орта да қабылдап жатқаны ақиқат. Мұның бәрі, бәрісі дауыстың қанша жолды еңсеріп жететіндігінде. 

Бізге жеткен әр дыбыс - ауада жүрген тербеліс. Құлақтың ішкі бөлігі осы тербелістерді қағып алып, сыртқы есту бөлігіне жібереді. Сол жерден құлақ жарғағы қозғалысқа келеді. Одан ары әлгі діріл (вибрация) сигналға айналып, әрмен қарай мидың есту бөлігіне жол тартып және сол бөлікте анықталады.

Алайда, ішкі құлақ естудің сыртқы бөлігі арқылы келген тербелістерді ғана қағып қоймай, ағзадағы дірілдерді де қақшып алады. Міне, сондықтан адам сөйлеп жатқанда екі түрлі дірілдің (вибрация) әрекет-амалын сезінеді, түсінеді. Ал әлгі дірілдер, яки дауыс атаулы әр ортада әртүрлі жолмен жетеді.

Сол үшінде көп адам өз дауысын таспадан естігенде қатты құтырынып кетуге шақ қалады. 

сурет:this-sound.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига