Әр сөзге сақ болыңыз! Бала тыңдап жатыр...

Әр сөзге сақ болыңыз! Бала тыңдап жатыр...

Отбасыңыз тағы бір адаммен толығайын деп жатса, әр айтқан сөзіңіз бен лебізіңізге сақ болыңыз. Таяуда ғана зерттеушілер баланың жатырда жатып-ақ сөз сіңіретінін анықтады.

Бұдан бұрынғы зерттеулерде дүние есігін ашуға аз күн қалған баланың сыртқы ортаның дауыстарын ажырата алатыны дәлелденіп келген еді. Ал ендігі бір бертіндегі зерттеуде туылған баланың бір сағат өтер-өтпесте сыртқы ортадан өз анасының дауысын ажыратып алатыны белгілі болған-ды.

"Жатырда жатқан эмбриондардың да ана дауысын ажырата алатынын алғаш зерттеп отырмыз", - дейді Вашингтондағы университеттің зерттеушісі Кристина Мун. 

Ғалымдар жаңа туған баланың емізігіне электронды қондырғы орналастырыпты. Анықталғандай, бейтаныс адамдардың дауысына елтімеген сәбилер ана дауысын (өз аналарын) естіген бетте аңғарымпаз бола қалған. Немесе ұйып тыңдай қалған. Бұдан бір ғана қорытынды шығарып отыр: бала сыртқы ортаны жатырда естіп-білген ана дауысы арқылы түсінеді. 

Тағы бір зерттеушілер (аталған орданың) баланың сөзге елтіп, сіңіре бастауы жатырда 30 күннің ішінде жүзеге асады дейді. Десе де, баланың сыртқы ортаның дауысын қаншалықты ажырата алатынын айғақтап айта алмайды. Соған қарамастан, болашақ ата-аналарға лебіз білдіруде абай болуды тапсырады.

сурет:de.123rf.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига