Атырауда өзін-өзі "тонаған" әйел ұсталды

Атырауда өзін-өзі "тонаған" әйел ұсталды

Атыраулық әйел өзін біреулер тонап, бағалы заттарын алып кеткендігін айтып жергілікті полиция қызметіне арыз түсірген. Оның сөзінше, арнайы маска мен киім киген қылмыскерлер үстінен қымбат тонын шешіп алып, ұялы телефонымен қоса ұрлап кеткен.

Арыз түсісімен-ақ қалалық Ішкі Істер Басқармасы жедел топ құрып, қылмысты ашуға кіріскен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері жәбірленушінің тоны мен ұялы телефонын қаланың бір ломбард мекемесінен тауып аған. Белгілі болғандай, бұл қымбат заттарды ломбардқа арыз беруші ханымның өзі өткізген екен. 

Ойыны ашылған жәбірленушінің ойы белгілі болды: Ломбардан алған қаражатқа зәру болған екен. Істің мәні тек мұнда ғана емес. Ол бағалы заттарын ломбардқа өткізіп ақшасын қалтасына басқан да, күйеуіне тонын ұрлап кеткендігін айтып, жаңасын сатып әперуге қолқа салған. 

Қазіргі таңда арыз беруші ханым жалған ақпарат беріп, ІІБ қызметкерлерін дүрліктіргені үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны анықталу үстінде. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: zr.ru

А. Әбілхан