Біздің тұғырда: Смағұл Елубай. «Ақ боз үй»

Біздің тұғырда: Смағұл Елубай. «Ақ боз үй»

Редакция алқасының таңдауымен сіздерге С. Елубайдың "Ақ боз үй" романы ұсынылып отыр. Романның көркемдік желісі, оқиғалардың өту барысы, ұлттық құндылықтар автор шеберлігінің айқын көрінісі. Роман бүгінгі таңның ең үздік, шоқтығы биік туындысы болып табылады. Шығарма қалың оқырман қауымға арналады.

Бүгінгі таңдау – қазақ әдебиетінің белді өкілі, жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы. Аталған шығармаға 1928-1933 жылдардағы нәубеттің, зобалаң әкелген жылдардың нақты көріністері арқау болған. Шеге мен Хансұлудың линиясы романның жүйелі сюжетін құрап, халықтың басынан өткен қасіретті жылдары мен ауыр күндерді жан-жақты суреттеген. Қаламгердің қайсар батылдығынан, керек десеңіз, батырлығынан туған шығарма  адамды баурап алары сөзсіз. Сізді бұл шығарма сол уақытқа алып барып, Хансұлудың қайғысы мен Пахраддиннің мұңдасына айналдырады. Егіліп отырып еліңнің басынан өткен оқиға мен жерініп отырып жем болған еліңді аяп, әрі-сәрі күйге түсіріп, тарихтың еншісінде қалған нақты шындықтарды жайып салады. 

Оқыңыз, қапы қалмаңыз!

Баспа: "Атамұра"

Басылым жылы: 2005 

Бет саны: 528

Форумда талқылау

Сурет atamura.kz сайтынан алынған

Л. Лига