Америкалық робот рекордтық қашықтықты жүзіп өтті

Америкалық робот рекордтық қашықтықты жүзіп өтті

Liquid Robotics компаниясының автоматты түрде жұмыс жасайтын Papa Mau роботты аппараты 16 мың 700 метр қашықтықты жүзіп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Робот сапары АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан басталып, Аустралияның Бандабергінде аяқталды. Робот бұл қашықтықты 365 күнде, яғни дәл бір жылда жүзіп өткен. Осы уақыт аралығында аппарат Тынық мұхитын зерттеуші ғалымдарға арнап үлкен ақпарат жинаған екен. 

Liquid Robotics өкілдерінің айтуыша, Papa Mau мұхиттағы дауылдар мен үлкен теңіз жануарларының шабуылына қарамастан діттеген жеріне ешқандай зақымсыз жеткен. Компания болашақта осы типтегі роботтарды жаңа тапсырмаларға міндеттегісі келетінін мәлімдеді. Олардың бірі Антарктидаға сапар. Ол үшін роботқа 25,7 мың шақырымды артқа тастау керек екен. Сондай-ақ келешекте робот екі полюс арасын жүзіп өтеді деп те айтылды. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет