Данышпандар бірінші болып туады

Данышпандар бірінші болып туады

"Қызғалдақтар елінің" зерттеушілері отбасында бірінші дүниеге келетін баланың бәрінен ақылды болып туылатынын анықтап отыр.

Ол үшін ғалымдар 18 жасқа толған 600-ге жуық баланы зерттеу нысанына айналдырып, интеллектуальдық деңгейлерін "IQ" тестісі арқылы анықтаған. Және балалар бір рет қана емес, бірнеше рет аталған тесті тапсыруға мәжбүр болыпты. 
Анықталғандай, отбасындағы жалғыз баланың интеллектуальдық деңгейі іні-қарындасы (керісінше, сіңілісі) бар баладан әлдеқайда жоғары болмақ. Ал көп ағайынды балалар ең соңғы көрсеткішке қол жеткізген.
Бір қызығы, "IQ" тесті барысында ғалымдар отбасында брінші болып туылған баланың ақыл-ойы артық болып туылатынын байқаған. Екінші, үшінші... болып дүниеге келетін балалар ақыл-ой жағынан сәл де болса төмен орналаспақ.
сурет:globalgoodgroup.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига