Мексикадан мумияланған ит табылды

Мексикадан мумияланған ит табылды

Археологтар Мексиканың солтүстігіндегі Коауила штатында орналасқан Канделария үңгірінен мумияланған ит тауып алды. Ғалымдар табылған итті осыдан 1 мың жыл бұрын жерленген деп отыр. Алдын ала болжам бойынша, адамдар итті аңшылыққа пайдаланған болуы мүмкін. Бұл Мексика аумағынан табылып отырған алғашқы үй жануарының мумиясы. Осыған дейін осындай ит қалдығы Перу мен Египеттен табылған еді. 

6

Бір қызығы, табылған ит адамдар қолынан емес, күн сәулесі мен құрғақ ауа әсерінен табиғи түрде мумияланған болып шықты. Үңгірден иттен бөлек адам денесінің қалдықтары мен мата, садақ және жебелердің бірнеше данасы табылған екен.

56

Зерттеуші мамандар мумияланған итті толық зерттеп, оның жасы мен жынысын және қай тұқымға жататынын анықтамақ.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет