Ғалымдар Марстан табылған олжаны құпия сақтап отыр

Ғалымдар Марстан табылған олжаны құпия сақтап отыр

Америкалық ғалымдар Curiosity марсоходы Қызыл планета бетіндегі кезекті сапары кезінде таңғажайып олжа тапты деп отыр. Бірақ табылған нәрсе тыңғылықты зерттеуден өтпей, ғалымдар оның не нәрсе екенін жарияламайды, деп хабарлайды ИА Қазақстан Жаңалықтары. 

Марс бетіндегі зерттеу жұмысына жауапты ғалымдар тобының басшысы Джон Гротцингер: "Қазіргі кезде табылған зат SAM-де (Sample Analysis at Mars - марсоход бортындағы химиялық зертханада) зерттеліп жатыр. Табылған нәрсе шындығында өте қызықты болып тұр. Бұл Марстан табылған олжа тарих оқулығына енуі мүмкін",-деп жұртшылықты бір таң қалдырды. Ғалым марстық белгісіз зат толық зерттеуден кейін ғана көпшілікке таныстырылатынын да айтып өтті.  

Ғалымдардың табылған нәрсені соншалықты құпия сақтағанына қарағанда, оның шындығында да қызықты немесе тіпті қорқынышты болғаны ғой. Әзірше жұмбақтың жауабын өзімізше шешуге асықпай, ғалымдардың ресми қорытындысын күтейік.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: joyreactor.cc