Оятқыштың сен туралы сыр айтуы мүмкін бе?

Оятқыштың сен туралы сыр айтуы мүмкін бе?

Адам баласы ең жақсы көретін "сәт" - таңертеңгілік сағат шырылдап, құлаққа маза бермейтін кез! Психологтардың ойынша, осы сәтте көрсетілетін қылықтарға қарап адамдарды екіге бөлуге болады екен. 

Біріншісі - мәңгілік жалғаса беретін сағаттың діңкесін құрту мен 10 минуттық созу. Қиындық атаулымен бетпе-бет келуден қашқақтап, асқақтап жүретін кездің қашан туарын ойлап жататын мұндай адамдар (көбісі!) күрмеуі мол, күрделі істерді шешуге шорқақ келеді; өмірлік мақсатты айқындауда батылдық таныта алмайды; кедергілерді өз қолдарынан жасайды да жүреді.

Екіншісі - кешкісін сағатты 15 минут алдыға жылжытып қойып, таңғы уақытта ұмытып кететін жандар. Адреналинмен жүріп-тұруға үйреніп қалған адамдардың бұл тобы жандары мұрын ұшына келген тұста ғана іске кірісуге бейім тұрады; күйгелек келеді; күйбең тірлікте өздерін діңкелетіп жүргенді жақсы көреді.

 Ал сен қай түріне жатасың?

сурет: vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига