Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Махаббаттағы ессіздік, есалаңдық, ақылсыздық!

Махаббаттағы ессіздік, есалаңдық, ақылсыздық!

Махаббаттағы ессіздік, есалаңдық, ақылсыздық!

Ғашық адамдардың оғаш қылыққа баратынын бәріміз білеміз. Және ес-ақылы кеткен романтиктер бұл қатарда ешкімге дес бермейді. Әйтсе де, ешбір ғашықтың махаббаттың белгілі бір межесінен асып кеткенін көрмеппіз.

Сөйтсек, өмірде сүйемін деп жүріп сүйегі шығып кете жаздаған аздаған ақылсыз адамдар бар болып шықты. Бір оқып шығыңыз, бағасын сосын бере жатарсыз.

Өз өліміне қойылым қою арқылы сүйгенінің қолын сұрау

Ойлап көріңіз: асыға-аптыға кездесуге келген кезде алдыңызда сүйген адамның денесі жатса. Қазір ғана ол көлік апатына түсіп, енді ауруханаға алып кетіп бара жатыр. Және дәрігерлер өлуі мүмкін деген ақпаратты айтып отыр... Кенет әлгі қан-қан болып өлген жігіт әп-әдемі болып, қолына гүл ұстаған бойда костьюм-шалбар киіп алып алдыңызға келіп, тізерлеп, қолыңызды сұрап тұрса, не істер едіңіз? Сіздің қорқынышыңыз бен үрейіңіз "жоқ!" деп айта алар ма екен?!

Жақында ғана осындай қойылыммен Омскінің (Ресей) тұрғыны Алексей Быков өз сүйгеніне тілек білдірген. Төрт күн бойына ойластырылып келген "өлімге" арнайы мамандарды жалдапты: оператор, сценарист, режиссер және гример. Ең бастысы, сүйгені тілегін қабыл алып, үйленуге келісім берген.

Кейінірек сұлу бикеш ресторанда дәл осындай жолмен тілек білдірмегенде Алексейдің бар үміті жоққа шығуы мүмкін еді деп айтыпты.

Досына өзін атқызу арқылы сүйген қызына...

Джордан Карделлиді жиырма жасында қызы тастап кетіпті. Ақылы сондайда көмекке келе қоймаған жас жігіт көз алдына қайғылы суретті келтіре кеткен: үш жерінен оқ тиген жаралы жігіт және жылап-еңіреп отырған сүйгені; бетінен сүйіп, "өлмеші!" деп жалыну үстінде. 

Бұдан артық сурет таппаған жігітіміз досына өтініш білдіреді. Оған өзінің барлық тілек-мақсатын айта келіп, атуын бұйырады. Әрине, досы басында көнбей қинаса да, кейіндеу рұқсатын берген.

Содан сол күнде келіп жетеді. Қаладағы ең әдемі дейтін паркті оқиғаға нысана етіп алады. Дайындық, бәрі өз орнында. Сүйген қызына өлгелі жатқанын айтып, қоңырау шалып та қойған. Ең ақыры, досы Джорданның ішінен бір рет атады. Бірақ, мұны аздық көріп, тағы да екі рет атуын бұйырады. Бақытқа орай, сол мезетте досы өз ісінің дұрыс емес екенін бағамдай біліп, дереу арада ауруханаға жеткізген.

Ал сүйген қызы оқиғаның ақ-қарасын біліп, Джорданмен екінші рет байланыспас үшін басқа қалаға кетіп қалған екен.

"Қайран, оқтар-ай!" Ауруханаға сұлу қыздың орнына полиция қызметкерлері іздеп барады. Үстерінен іс қозғайды. Олар өз кезегінде екі достың қылығын жарыместік деп таныған.

Киллер нысанадағы құрбанын ұнатып қалып, жалған өлімді ұйымдастырады

Мария Симоес күндердің күні күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін түсінеді. Алдында үш нұсқа тұрады: 1) ажырасуға арыз беру; 2) көңілдес табу; 3) қарсыласты өлтіру. Үшіншісін дұрыс деп тауып, елді-мекенде жұмыссыз жүрген Карлос Роберто есімді азаматты жұмысқа жалдайды.

Мына қызыққа қараңыз, Лупита (көңілдес) әлгі киллердің бала кезден бірге өскен танысы болып шығады. Содан киллер алған ақшаны қайтарғысы келмей, нәтижесінде жалған өлімді ұйымдастырады. Ол үшін Лупитаның үстіне кетчуп жағып, қолтық тұсына пышақ сұғып, "әп-әдемі" суретті Марияға жібереді...

Өмір қалыпты арнаға түседі. Бәрі өз орнына түсіп келе жатады. Мария бір күні базарда жүріп, дені-қарны сап-сау Лупиатаны көріп, таңғалады. Екеуін (Лупита мен Карлос) алаяқ деп тауып, полиция бөліміне шағым түсіруге барады...

Өзіңіз-ақ ойлап көріңіз, кім абақтыға түсті екен?!

сурет:ibigdan.livejournal.com

Дайындаған: Фараби  Арыстанбек

3911 11
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 қараша 2012, 10:21
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 10:55

Ғашық болдым деген жынды болдым деген сөз емес шығар

+0
14 қараша 2012, 11:04

ужыс, бұндайдан құдай сақтасын

+0
14 қараша 2012, 11:19

барып тұрған ессіздік, есалаңдық,ақылсыздық. Бірақ, ғашық жанжарды түсіну керек сияқты...

+0
14 қараша 2012, 11:32

Алматыда бір жылы мынадай оқиға болған: бір жігіт бір қызға ес-түссіз ғашық болады. Бірақ ана қыздың жігіті болады. Соны қызғанып, екеуі отырған жерге барады да, сенсіз жүргенше өле салғаным артық деп, жүрек тұсына оқ атады. Сөйтіп жан-тәсілім болады. Қыз біраз уақытқа дейін шокта жүрген екен.

+0
14 қараша 2012, 12:30

сондай жағдайда сүйген қыздары шыныменде бас тартса, не істер екен?! канша адамның көзінше :roll:

+0
14 қараша 2012, 12:31

ойластырған сценалары іске аспай қалса

+0
14 қараша 2012, 13:33

мұндай ессіз махаббаттан құдай сақтасын! :shock:

+0
14 қараша 2012, 13:37

бұл махаббат емес, ессіздік, топастық, бірақ махаббат емес. махаббат тек жақсылыққа баулиды, қуаныш сыйлайды.

+0
14 қараша 2012, 14:36

осы сөзге қосылам

+0
14 қараша 2012, 21:19

еріккендер-ай :P

+0
23 қараша 2012, 11:44

махаббаттағы ессіздікті жақсы көрем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...