Қазақтың "адам өмірін ұзартатын" биоөнімі британдықтар назарында

Қазақтың "адам өмірін ұзартатын" биоөнімі британдықтар назарында

Жақында Назарбаев Университетінің мамандары адам өмірін ұзартуы мүмкін "Нәр" деп аталатын биоөнім жасап шығарған болатын. Енді міне, арада көп уақыт өтпей жатып сол өнімге британдық ғалымдар қызығушылық танытып үлгерді.  

Осыған байланысты Лондон ғылым мұражайының сыртқы істері бойынша директоры Роджер Хайфилд былай деді: "Қазақтар шын мәнінде дұрыс қадам жасап отыр. Олар бактериялармен күресте үлкен нәтижеге жетті. Біздің ойымызша, олардың жасап шығарған өнімі болашақта үлкен сұранысқа ие болады. Біздің де олардан үйренетін тұстарымыз көп".

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Астанада болған халықарарлық ғылыми конференция кезінде Назарбаев университеті өмір туралы ғылым Орталығының директоры Жақсыбай Жұмаділов қазақ мамандары адам өмірін ұзартуға себепші болады деген биоөнім жасап шығарғандарын мәлімдеген еді. Өнім лабораториялық тесттен сәтті өтіп, енді клиникалық тексерістен өтіп жатыр. Әзірге оның қашан жаппай сатылымға шығатыны белгісіз. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bnews.kz

Б. Қосмағамбет