Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Біздің әлемдегі 16 данышпан

Біздің әлемдегі 16 данышпан

Біздің әлемдегі 16 данышпан

Тізімді біліктілігі (IQ) 178 бірлікті құрайтын Аустралияның профессоры Тим Робертс құрастырған:

"IQ – адамның интеллектуалдық деңгейін анықтайтын мүмкіндік. Көптеген адамдар "IQ" тестінен өтіп көрмесе, кейбір адамдар көрсеткішті жақсарту мақсатында бірнеше мәрте өткен. 

Психологтар осы бір әдісті әлі күнге дейін адамның біліктілігін анықтауға болатын бірден-бір мүмкіндік деп қарастырып келе жатыр" - дейді. 

Ендеше, жоғары көрсеткішке ие кімдер бар екен?

Естеріңізге сала кетсек, "IQ"-дің орташа көрсеткіші - 100 бірлік. Көбіне адамдар 85 пен 114-тың аралығында бірлік жинайтын көрінеді. Ал егер 140-тан асқандардікі жоғары саналса, 160-тан асқандардікі ғажап болып есептеледі.

Айвен Айвектің біліктілік бірлігі - 169.

Ұлты: Хорват

Айвек "IQ" тестілеудің қиын түрлеріне бақ сынағанды ұнатады. Хорватияның "MENSA" бөлімшесінің мүшесі және математика пәнінен сабақ береді.

Гаетано Мореллидің біліктілік бірлігі - 169.

Ұлты: Италияндық

"Тэни" деп аталып кеткен Гаетано Италияның бір фермасында инженер болып жұмыс істейді. Және Эйнштейннің теориясына байланысты шыққан кітаптың авторы саналады.

"IQ" деңгейі жоғары саналатын жиырмадан астам ұйымдардың мүшесі. Қазіргі таңда "STHIQ" атты ұйымды құрған.

Бос уақытында балық аулау мен шахмат ойнағанды ұнатады.

Жорж дел Фресно Вьехоның біліктілік деңгейі  - 170.

Ұлты: Испандық

Данышпандарға арналған дүниежүзілік "Epida" ұйымының мүшесі. 

Мик Демпсидің біліктілік деңгейі - 171.


Ұлты: Британдық 

Психологиядан хабардар азамат Хертфордшир мекенінде жергілікті әкімшілікте кіші көмекші болып жұмыс атқарады.

Бос уақытында Джон Фолкнердің джазын тыңдап, "Эвертон" командасына қолдау көрсетеді.

Марк Найдеггердің біліктілік деңгейі - 171.

Ұлты: Швейцарлық

Фрайбург қаласында тұратын жиырма жастағы Марк компьютерлік ойындардың дизайнері.

Бос уақытын "білім" деген ас пен "интеллект" деген су ішуге жұмсайды.

Сантану Сенгуптаның біліктілік деңгейі - 174.

Ұлты: Үнділік

"МВА"-ның дәрежесіне ие Сенгупта аэроғарыштық инженерияның бакалавриатын тәмәмдап шыққан.

Бос уақытында 34 жастағы үнділік данышпан қыдыру мен сөзжұмбақтарды шешуді, ақ ішуді ұнататын болып шықты.

Ведран Глайсиктің біліктілік деңгейі - 175. 

Ұлты: Босниялық

Шыққан тегі босниялық Ведран экспериментальды музыка мен математика саласын, шахмат ойындарының қиындықтарын шешуді ұнатады.

Питер Роджерстің біліктілік деңгейі -175.

Ұлты: Аустралиялық

58 жастағы жазушы, физик, ақын Питер Роджерс үш мыңға жуық поэмалар мен эмоцияға байланысты бірнеше кітаптың авторы.

Квинслэнд университетінің бакалаврын бітірген. Дислексия мен эпилепсиямен ауырады. 

YouTube - та өзінің жеке телеарнасы бар. Онда ол өзінің кітаптары туралы, өлеңдері туралы бейнебаяндарды ұсынып отырады.

Тадаюки Конноның біліктілік деңгейі - 176.

Ұлты: Жапондық

Жапонияның Ямагата қаласында тұратын Конно 39 жасқа толды. "Mysterium" мен "HELLIQ" бірлестігінің мүшесі.

Бос уақытын ән шығарумен, каибун жасаумен (жапондық палиндром), новеллаларды оқуға жұмсайды.

Ли Ханкъёонгтің біліктілік деңгейі - 177.

Ұлты: Оңтүстіккореялық

Оңтүстік Кореяның Дэжон елді-мекенінің тумасы саналатын Ли Ханкъёонг қазіргі уақытта медициналық университетте білім жинауда. Жасы жиырма жетіге енді толғанына қарамастан, данышпандарға арналған бірнеше бірлестіктің мүшесі. 

Тим Робертстің біліктілік деңгейі - 178.

Ұлты: Аустралиялық

Робертс – профессор және Квинслэнд университетінің информатика факультетінің басшысы. Ең жақсы көретін пәндері: операциялық бағдарламалар мен бағдарламалар жасау. 

Бағдарламалық жабдықпен қамтамасыз ететін кеңесші ретінде де жұмыс істеген.

Патрик Циммершидтің біліктілік деңгейі - 178.

Ұлты: Неміс

Патрик бүгінгі таңда Дармштад университетінде философия мен саясаттанудан дәріс алуда. Жасы 30-ға жеткен азамат 18 жасында мектепті өз еркімен тастап кеткен.

Бірнеше кітаптың авторы бос уақытында өлең жазуды ұнатады.

Кеннет Феррелдің біліктілік деңгейі -190.

Ұлты: Американдық

Солтүстік Каролинаның Шарлотт қаласында дәрігер болып істейді. Данышпандарға арналған бірнеше қуаымдастықтың ("GenerIQ" секілді бірлестіктер) мүшесі болып саналады. 

Феррел осы жылы 52 жасқа толды. Ол өзінің бір сөзінде "IQ" тестің өзі үшін ермекке айналғанын айта кетіпті. Және өзі де құралақан жүрмей, бірнеше сандық тесті жасап шыққан: "QUINTIQ" мен "12345".

Мислав Предавецтің біліктілік деңгейі - 192.

Ұлты: Хорват

Хорватияның Загреб қаласында тұратын 45 жастағы Миславтың болашақта математика саласында профессорлықты қорғамақ ойы бар. Оған дейін өзі құрған шағын компанияның директоры болып қала бермек.

Предавец – "GenerIQ" қауымдастығының президенті.

Бос уақытында «Gloria» журналын оқығанды жақсы көреді.

Рик Роснердің біліктілік деңгейі - 192.

Ұлты: Американдық

Әлемдегі екінші данышпанымыз көптеген телешоуларға сценарий жазған. "Миллион кімге бұйырады" ойындарында бақ сынаған. Қазір сән әлемінде тың дүниелерге ұйытқы болып жүр.

Айта кететін болсақ, 54 жастағы Рик Лос Анджелесте тұрады. Соңғы уақытта тәулік бойына ұйықтамай жүрген көрінеді.  "IQ" тестен бірінші орында тұрған грек данышпаны түсіне жиі-жиі кіре береді екен. Енді соны басып озу керек болып тұрғаны...

 Евангелос Кацуолистің біліктілік деңгейі  - 198.

Ұлты: Грек

Грек психиаторы Евангелос Кацуолис - әлемдегі ең бірінші данышпан. Философия, медициналық зерттеулерде, психофармакология салаларында белгілі бір дәрежелердің иесі болып табылады. 

Бос уақытын 36 жастағы грек азаматы  сурет салумен, суға жүзумен, саяхаттаумен өткізеді.

суреттер:itogi.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

10002 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 қараша 2012, 14:44
Пікірлер
+0
02 қараша 2012, 14:20

Менікі 145 болған, тағы бір тексертіп алу керек екен)))

+0
02 қараша 2012, 15:37

қайдан тексердің, сілтемесін сілтеп жіберші)

+0
02 қараша 2012, 15:46

Мен өткен тест ескіріп қалған болар. Гуглдан жаңасын тауып көріңіз

+0
02 қараша 2012, 14:37

Ой осындай жігіттер көп болсын!

+0
02 қараша 2012, 14:38

гректің данышпаны мықты екен. бізге де бір тексертіп көру керек болып тұр. Санамыз ұйықтап қалған шығар

+0
02 қараша 2012, 15:07

ақ ішуді ұнататын болып шықты. :?: :?: :?:

+0
02 қараша 2012, 15:25

арақ қой,,соған қарағанда ішпейтін сияқтысың :lol:

+0
02 қараша 2012, 15:28

Қыздар жоқ па???? :o

+0
07 қараша 2012, 04:09

менкы 90 гада жетпид шыгар

+0
14 қараша 2012, 19:31

сайтын бересіздерме? Таба алмадым дұрысын! :ugeek:

+0
02 ақпан 2014, 23:42

145 болды менікі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...