Бір балаға екі анадан

Бір балаға екі анадан

Көптеген балаларды өлім аузынан құтқарып қалатын жаңа технология шықты. Бірақ, өмір сүруге мүмкіндік алған баланың екі анасы болады: митохондриялық және ядорлық.

АҚШ-тағы Орегон университетінің эмбриологтары әйел баласының жыныстық клеткасындағы митохондриялық ДНҚ-ны донорлықпен ауыстыра алды. 

Айта кететін болсақ, митохондрия клетка ішін аденозинтрифосфорлық қышқылмен толықтырып тұрады. Және ДНҚ-сы ежелгі бір кішкентай бактериядан қалған. Митохондриялық ДНҚ-ның кемістігі, яки кеселі төрт мың балаға біреуден ұшырап тұрады. Өз кезегінде жазылмайды, әрі өмірге өте қауіпті болып саналады.

Орегондық эмбриологтардың басында тұрған Шухрат Миталипов 2007 жылы маймылға клондау әдісін жүргізсе, араға үш жылды салып барып, макакаға митохондриальдық ауыстыру әдісін жасап көрген болатын. Әдістің қарапайымдылығы сонда, ұрық клеткасындағы метохондриялық ДНҚ алынып, оның орнына донорлық ДНҚ салынады. 

Сәтті шыққан зерттеуден соң адам баласына жасалынды. Басында дүдәмал болып көрінсе де, технология ойдағыны алып шықты. 

сурет:greens.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига