Адамша тіл қатқан кит

Адамша тіл қатқан кит

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан океанариумда өмір сүріп жатқан тоғыз жасар NOC ақ түсті кит аяқ астынан адамның дауысына ұқсас дыбыс шығарып, ғалымдарды бір таң қалдырды, деп хабарлайды BBC News

Ең бірінші бұл дыбысты океанариум қызметкері естіген. Су түбіне түскен ол біреудің "судан шық" деп айтқанын құлағы шалып, бұйрыққа бағынып, жоғары көтеріледі. Бірақ жоғарыға көтерілген бұл адамға ешкімнің де бұйрық бермегені анықталады.  

Ғалымдар осылайша киттерден адамға ұқсас дыбыс шығатынын анықтап отыр. Сонымен бірге, мамандар тұңғыш рет теңіз алыбының ерекше дыбысын таспаға түсіріп алған екен.  

Бұған дейін де ғалымдар кит тәріздес дельфиндерді адам сияқты дыбыс шығаруға қолдан үйреткен еді. Бірақ калифорниялық киттің жағдайы тым бөлек. Оған ешкім, ешқашан дыбыстауды үйретпеген. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mail.ru

Б. Қосмағамбет