Қытайлық өз әйелін сұлу болмағаны үшін сотқа берді

Қытайлық өз әйелін сұлу болмағаны үшін сотқа берді

Бәрі де қытайлық Цзянь Фенгтің айдай сұлу, теңдессіз әдемі саналған бір бикешке үйленуінен басталыпты. Ойдағыдай болған бақытты өмірлері бір күнде өзгеріп салады деп кім ойлаған. Дүниеге келген тұңғыштары қыз баланың арқасында...

Мәселенің мәнісі, әлгі қыз бала ажарсыз туылғаны былай тұрсын, не әкеге, не шешеге ұқсамапты. Содан қорқып кеткен Фенг мырзамыз нағыз әкені іздестіру жолына түсіп әлек болған. Таппапты. Табылмайтыны айдан анық болатын...

Ақырында аттай қалап алған жары бәрін мойындады. Мойындағанда сол, кезінде Солтүстік Кореяға арнайы барып, 100 мың долларға ота жасатқан. Сол арқылы түр-келбетін түпкілікті өзгертіп алған.

Ашуға келген Фенг ажырасып қана тынбай, істі сотқа тапсырыпты. Оның ойынша, арбап алған сұлулық үйіне алдамшылықпен кірген. Содан не керек, соттағы мамандар істің ақ-қарасын анықтай келе, балалы әйелге 120 мың доллар көлемінде айыппұл кесіп отырған көрінеді.

сурет:freshpo.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига