Астанада "ақылды" дәріханалар іске қосылмақ

Астанада "ақылды" дәріханалар іске қосылмақ

Енді ел шаһары Астана қаласында «ақылды» дәріханалар пайда болады. Жақында идеяның авторы Әсел Нұрымбетова осы туралы мәлім етті.

Әселдің сөзіне сенсек, дәрі-дәрмектер қойылатын шкафтар мен тағысын толып жатқан заттар дәріханада көп орын алады. Және осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін Әсел Нұрымбетова арнайы робот жасап шығаруды қолға алыпты.

Бүгінгі таңда қолға алған мақсаттың сексен пайызы дайын. Алда-жалда жоба іске қосылатын болса, онда дәріханаларда болып тұратын келеңсіздіктер түпкілікті шешіледі.  Яғни жертөледе тұратын робот кез келген дәрі-дәрмекті керек болып қалған жағдайдай сатушыға жеткізіп, қоймадағы ең негізгі жұмысты өзі мойнына алатын болады.

Бәрін айт та, бірін айт, «Astana Innovations»-тың арқасында бел ортасына келіп қалған жобаның тұсаукесері 5 желтоқсан күні өткізілмек. Сол күннен бастап адамдар дәріханаға бара қалған жағдайда алтын уақыттарын үнемдейді. Ең бастысы, тұрмыста мұндай жобалар арқылы адамдарға барлық жағдайды жасауға мүмкіндік туады.

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет:yuzhnograd-tc.com

Л. Лига