Ноутбукті жиі ауыстырып тұру - экологияға зиян

Ноутбукті жиі ауыстырып тұру  - экологияға зиян

Ноутбуктарды жиі ауыстырып тұру экологияға жағымды әсер ете бермейді. Бұл туралы неміс ғалымдарының зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, РИА Жаңалықтар орталығы хабарлайды.

"Фраунгофер" атындағы университеттің ғалымдары ноутбуктарды жасау барысында әрқайсысынан 56 пайызға дейінгі аралықта парниктік газдар шығатынын мәлімдеді. Бұл дегеніміз, орта есеппен алғанда бес жылға жарайтын бір ноутбукты өндіргенде, 214 келіге жуық парниктік газ шығады деген сөз. Ал жалпы пайдалану уақытында 138 келі парниктік газ шығады екен-міс.

Сонымен қатар, ноутбуктерді жасап шығару барысында шикізаттың сирек түрлері де қолданылады дейді. Мәселен,  кобальт (химиялық элемент, темірден қаттырақ қызғылттанып тұратын күміс түсті ақ металл) шикізатын жасап шығару өндірісте қиынның-қиыны болып табылады екен.

Ендігі кезекте неміс ғалымдары ноутбуктарды қажеттілікке жаратудың уақытын созу керек дейді. Қосымша бөлшектердің арқасында үлкен залалдың алдын алуға болады деп сендіреді. 

сурет:bt-test.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига