48 "Үздік ұстазға" 1618000 теңге сыйақы беріледі

48 "Үздік ұстазға" 1618000 теңге сыйақы беріледі

Алматы қаласында Білім және Ғылым министрлігінің тарапынан республикалық деңгейде «Үздік ұстаздар балы» өтпек. Минисртлік Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бал 5 қазан күні болады.


Еліміздің әр өңірінен үздік деп танылған 48 мұғалім қатысатын балда оларға мақтау қағаздары, медальдар, ескерткіш мүсіншелер табысталады. Мұнымен қатар, ең үлкен ақшалай сыйлық ретінде 1618000 теңге берілмек  (Ағымдағы валюта құны – 149, 86/$1). Ұйымдастырушылар бұл жолы үздік ұстаздардың ардақтау дәстүрін өзгертпек ниетті екендіктерін айтып өтті. Балда классикалық әуендер ойналады-мыс.

Ақпараттық қағазда «Мұндай бастамалар мұғалімдердің қоғамдағы статусын биіктетеді, «мұғалім» деген мамандықтың насихатталуына мүмкіндік туып отыр» делінген.

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: egemen.kz 

А. Құлтай